Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тәуелсіздік – аңсаған күн
Тақырыбы: Тәуелсіздік – аңсаған күн
Мақсаты.
Білімділік: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып көрсету.
Дамытушылық: Туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Отанын сүйгіштікке, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, буклеттер, еліміздің рәміздерінің суреті.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ мазмұны.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Бабалар аңсаған күн» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын Алыбым!
Бұл күндері Қазақстан өзінің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде.
1991жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды.
Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың асыл мұраты, еңселі ел болу еді.
Сонау ерте кезде біздің ата - бабамыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.

«Енді тарихты тыңдалық»
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан - жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен - қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасыр дүрліккен ел шұбыра қашып, Ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялдап, қасиетті қара тауға бас сауғалады.
ХV ІІІ - ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздіктен айрылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан - ғасыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп, қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады, қаншасы қырғын көрді.

Біздің 1917 жылы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар Ата жұртын тастап, көшуге мәжбүр болды. 1923 - 1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықтан 9 миллиондай халықтың 2, 2 миллиондайы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде Ата мекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1миллион 578мың.
«Орныда бар оңалар» демекші ел орнында, жер орнынды. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда.
Қазақстан тарихында ХVІІІ ғасырдан Қазақ төңкерісіне дейін 200 - ден астам көтерілістер болды. Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, ҚР Президентінің жарлығымен 1991 жылдың 16 желтоқсаны заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

Өткен күндер жемісі.
1991 жылы желтоқсанның бірінде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы комиссиясы «Тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет» деп жариялады.
Қорытынды:
Тәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан ғасырлық арманының орындалған күні.
Алғаш рет қазақ халқы өз тағдырын өзі айқындап шешуге мүмкіндік алды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі, бейбіт мемлекетте өмір сүретін ретінде танытты.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама