Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәуелсіздік бесігінде тербелген — Қазақстан

Тәуелсіздік—әлемдегі ең құдіретті сөз. Себебі бұл тәуелсіздікке жеткендер де, жетпегендер де бар. Атадан балаға мирас болған кең даланы сақтап қалу оңайға тиген жоқ. Озық ойлы ағаларымыз бен батыр да білімді жастарымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол 1991 жылдан бері тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп келе жатқанымызға 30 жыл болды. Осы аз ғана уақыт ішінде жеке мемлекет болып, рәміздеріміз бен мәдениетімізді қалыптастырып, дініміз бен тілімізді және салт-дәстүрімізді жаңғыртып, әлемге танытып, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болдық.

Осылайша дамып, өркендеп жатқанымыз жайлы айтып, білімі мен батылдығы жарасқан еліміздің тұңғыш Президенті—Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбектерін айтпай кету үлкен қателік дегім келеді. Еліміздің билігін қолына алғаннан бастап, осы сәтке дейінгі қаншама жолдаулары мен стратегиялық жоспарларының арқасында дамыған 50 елдің қатырынан да көріндік. «Біз елдігімізді баянды етіп қана қоймай, Қазақстанды әлем мойындаған мемлекетке айналдыра білдік. Ұлтымыздың сағын сындырып, бағын тайдырған күрделі кезеңдер артта қалып, еліміздің жаңа тарихы – мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталды. Тәуелсіздік – біздің жолымыздың бастауы ғана»—деп тұңғыш Президентіміз айта кеткендей бұл тәуелсіздік жылдары біздің елдің енді тәй-тәй басып алға жылжуы, алдағы уақытта қазіргі Президентіміз—Қ.Ж.Тоқаевпен бірге дамыған 30 елдің қатырынан көрінеміз деген ойдамын. 

Біз осы күнге дейін тек салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді ғана жаңғыртып қоймай өнер мен спортта да ойып тұрып орнымызды қалдырдық. Мысалы, 2016-2017 жылдары Қазақстан барлығы 239-алтын, 223-күміс, 298-қола медаль жинаған. Бұл көрсеткіш деген осы 30 жыл тәуелсіздіктің арқасында еркіндікте өскен жастарымыздың ел үмітін ақтап, ары қарай дамытуға қауқары жетеді дегенді білдіреді. 

«Ата-бабаның асыл арманын орындап, осыдан 30 жыл бұрын тәуелсіздіктің іргесін қаладық және алға қарай егемендігімізді сақтап, дамуымыз — біздің, яғни, жастардың қолында» — дегім келеді.

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университетінің 1-курс студенті Күнболат Арман


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама