Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы
Ертеңгілік
Cабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған әдеби-театрландырылған қойылым арқылы оқушыларды тарихи оқиғаларды көрініс түрінде шежірелі даталар мен кезеңдермен таныстыру. Елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақ барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар! Бүгін біз Тәуелсіздік күніне арналған шағын ертеңгілігімізді бастағалы отырмыз. Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толып отыр. Мереке барлығымызға құтты болып, бірлігіміз нығая берсін, бейбіт күнде жарқын өмір сүре берейік!
Ақжүніс: Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықта
Қанат қағып барады.

Ақнұр: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі

Аружан: Көтерілсе шаттығым
Ынтымақты ел іші
Желбіресе көк туым,
Тәуелсіздік жемісі.

Назерке: Қазақстан киелім,
Қияға ұшар қыраным
Еркіндікті сүйемін
Мен тәуелсіз ұланмын

Бекжан: Ей,тәкәппар дүние
Маған да бір қарашы
Танымайсын сен мені
Мен қазақтың баласы

Хор: «Достық»
Ақтоты: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауы сұлу жері.
Ақ пейіл дархан көңіл халқымыз бар.
Болғандай бірі сері, бірі батыр.

Диана: Әз бабам азаттықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шахид еткен
Солардың құдіретті ой арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жетті.

Жанерке: Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырда
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.

Би «Айгөлек»

Марал: Егемендік иесі-мен деген сөз,
Екі тізгін бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе, көген көз
Мәнберледен айбарланып сөз алған

Досымжан:Егемендік-ел болудың белгісі
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күйі
Егемендік деген сөздер естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Азат: Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
Абылай: Ата-баба қанымен,
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып
Қонды еліме.

Тұрар: Қорғап сені өтетін
Өле-өлгенше
Мақтанамын әлемге
Мен-қазақпын.

Хор: «Желтоқсан желі»
Мұғалім: Осымен Тәуелсіздік күніне арналған шағын концертіміз аяқталды,зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама