Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тәуелсіздікке 30 жыл

Қазіргі таңда, қазақ халқының шаңырағының астында 130-дан астам ұлт-өкілдері өмір сүреді. «Елу жылда ел жаңа»- иә! Міне біздің егемендігімізге 30 жыл толды. Сол 30 жылда не өзгерді?Түпкіл дүниені бағындырмасақ та, әлем танитын мемлекеттердің бірі болдық. Қазақстанның экономикасы да, демократиясы да, сонымен қатар өнер, білім саласыда қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда халқымыздың саны 19 млн-ға жетті. Бұл егемендік алғаннан кейінгі 10 жылдықпен салыстырғанда әлде қайда жақсы және жоғары жетістік. Өнер, білім, спорт саласында қазақ жастарының қосқан үлестері көп. Соның бірі мен бірегейі, қазақтың маңдайына біткен алтын дауыс иегері:Димаш Құдайберген. Барша әлемге қазақтың қара домбырасын және өзінің қоңыр дауысымен әлемді мойындатқан. Жалпы қазақ халқының өнер-би, ән-күй саласы керемет даму үстінде. Бұл тақырыпты әрі қарай қозғап, өрбіте берсек таусылмайтын шығар. Себебі қазақ елінде өнерлі ата-бабамызда, өсіп келе жатқан өскелең, өнерлі жас ұрпақтарымыз аз емес. Сонымен қатар қазақ елінде, егемендікті алғаннан кейін 30 жыл ішінде керемет дамыған:сәулет өнерімен және күн сәулесімен жарысқан ғимараттарымен мақтанады. Еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласы, күннен күнге көркейіп, «сұлулық» символына айналып барады. Бас қаламызда бой көтерген ғимараттардың саны күннен-күнге артуда. Бұл қаланың сұлулығына елордалықтарда жалпы қазақстандықтарда таң-тамаша. Тіпті соған орай Қазақстанға жылдан жылға туристер келуі молайып жатыр. Бұл әрине 30 жылда, кереметтей болып өзгерген біздің мемлекетіміз! Бұның бәрі ел ағасы ел басымыздың арқасы. Көк байрағымыз мәңгілік биікте желбірей берсін! Егемендікті алғанымызға, тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толып жатыр. Мерейлі мерейтойымыз құтты болсын!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ақпараттық технологиялар факултетінің 1 курс студенті Смағұл Асылхан.

Жетекшісі Жұмаділ М. Т.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама