Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Дүниетану
Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты:
1. Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мағлұмат беру;
2. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
3. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, карта, жазбабет т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа назарларын аудару.
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Дүниетану сабағы
- Олай болса құралдарымызды дайындап, сабаққа назар аударамыз. (Тақтада Қ. Р - ның табиғат белдеулері бейнеленген карта ілінеді).
- Балалар, мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.
Кең дала, көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен
Әне, сол анам еді мені тапқан, - деп атамыз айтқандай, Қазақстан – кең, байтақ өлке. Ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Жер көлемі жағынан 9 - ншы орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғаты да алуан түрлі.
Балалар, картадағы әр алуан түстерге назар аударсақ, шалғынды жер, шөл мен шөлейт жерлер, су қоймалары мен орман - тоғай т. б. жерлерге бай.
Бүгінгі сабақ - ерекше. Сендерді өте көп қызық тапсырмалар күтіп тұр. Өйткені әрқайсыларың бүгін зерттеуші боласыңдар. Сендер ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күймен сабаққа қатысуды сұраймын.
Олай болса, зерттеушінің жолдама қағазы бар. Осы қағазға ең алдымен өзіміздің аты - жөнімізді жазамыз.
Үйге қандай тапсырма берілді?
«Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау»
Енді жолдамадағы бірінші тапсырмаға көңіл бөлейік.
Тест жұмысы. Көрші парталар бойынша тексеру.
Бүгін біз зерттеушіміз ғой, олай болса сабақтың тақырыбын ашып алайық. Ол үшін жолдаманың 2 - ші тапсырмасын қарайық.
Алфавиттік кесте
- Неше кесте берілген?
- Үш кесте берілген
Ендеше алдарыңыздағы алфавиттік лентаны алып, әр кестедегі нөмірлердің астына тиісті әріптерді қойып барлық кестені толықтырайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама