Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Темір. Темірдің маңызды қосылыстары
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, шығу тарихы, оның қосылыстары, физика - химиялық қасиеттері жөнінде толық мағлұмат беру.
б) тәрбиелік мақсаты: темірдің адам өміріндегі, өсімдіктер мен микроағзалардағы маңызы, сонымен қатар тұрмыстағы, медицинадағы, өнеркәсіптегі маңызы жөнінде ұғым қалыптастыру.
в) дамытушылық мақсаты: оқушылардың белсенділігін, біліктілігін, ұйымдастыру қабілетін, жауапкершілігін, ой - өрісін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс: Сөздік, көрнекілік әдіс.
Көрнекіліктер: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйе, қазақстанның қазба байлықтары географиялық карта, темірдің минералдарының коллекциясы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты бекіту және қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
 Салеметсіздер ме, оқушулар!
 Оқушыларды түгелдеу.
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымыз «Темір». Темірдің маңызы, физика - химиялық қасиеттері мен тағы басқа қызықты мағлұматтармен танысамыз.
Темір (лат. Феррум), химиялық элемент Менделеев жасаған периодтық жүйенің IV период, VIII топтың қосымша топшасында орналасқан. Реттік нөмірі - 26, атомдық массасы – 56. Fe+26 темірдің электрон саны 26, осыған қарап электрондық формуласын жазамыз.

Темір -«аспан тасы» 1749ж Енисейден Сібір ұстасы сол темір кесегін тапқан. Ол дүние жүзіне әйгілі болып, тұңғыш метеорит деп аталған. Метеориттегі темірлер кейде бұйым жасауға жарамайды.
Мұндай жағдай Хорезм ханы қару жасаушыларында кездесті. Көптеген метеориттердің 5, 5% тұтас темір мен никельдің қоспасынан тұрады.

Өсімдіктер ағзасында темір орта есеппен 0, 02% болады. Темір фотосинтез үрдісіне қажетті заттардың негізгілерінің цитохромдар және ферроксин құрамына кіреді. Егер темір жетіспесе хлорофильдің түзілуі баяулайды. Бұндай кезде өсімдіктің жас жапырақтары түсін жоя бастайды да, хлороз ауруына ұшырайды.

Жусан және тағы басқа көптеген өсімдіктер топырақта темірді көп мөлшерде түзетін индикатор болып табылады. Бұл жерде ащы жусанның жапырақтары - ашық сары түске енсе, ал кейбір өсімдіктердің гүлдері, мыс: гортензия гүлі өзіне тән емес көгілдір түске боялады.

Адам ағзасында темір түзуші ферменттер, нәруызды, комплекс ферритин - одан ағзаға қажетті темір түзуші заттар түзіледі. ІІІ валентті темір иондары ағзаға күрделі нәруыз трансферрин көмегі арқылы жеткізіледі. Трансферрин қан плазмасында, сүтте, жұмыртқаның нәруызынан табылған. Темір - энергияның бөлінуіне, ферменттік реакциялардың жүруін иммундық жүйені қалыптастыруда, холестериннің алмасуында негізгі басты рөл атқарады. 70кг адам салмағында 4, 2 - 5г темір болады. Күнделікті адамның ағзасына 10 - 20мг темір қажет. Қанда темір саны азайып кетсе - анемия ауруы пайда болады.

Батыс Қазақстан обылысы,
Орал қаласы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы.
Химия пәні мұғалімі: Аманова Гулбакша Гинаятовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама