Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Температура. Оны өлшеу тәсілдері. Термометрлер
Сабақ жоспары
Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Температура. Оны өлшеу тәсілдері. Термометрлер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға температура және оны өлшеу тәсілдері жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, ой өрісін дамыта отырып кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: термометр түрлері, карточкалар,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Күннің тұтылуы дегеніміз не?
2. Айдың ше?
3. Олардың қандай фазалары болады?
4. Жарық жылдамдығы дегеніміз не?
5. Ол қалай таралады?

Жаңа сабақ:
Термодинамикалық параметр деп – макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы атайды, оған қысым, көлем, температура жатады.
Термодинамикалық процесс дегеніміз - қандай да бір термо параметрлердің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.

Барлық макроденелер микроденелерден (атомдармен молекулалардан тұрады)
Микроденелердің де өз сипаттамалары (микропараметрлері) бар. Оларға молекуланың (атомның) көлемі, молекуланың (атомның) массасы, молекуланың (атомның) жылдамдығы, молекулалардың (атомдардың) концентрациясы жатады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы мароденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық.

Физикалық шаманың белгілі информация беретінін, яғни оның физикалық мағынасы болады. Мысалы: макродененің массасы - денеде заттың қандай мөлшері бар екенін, көлем - дененің кеңістікте қандай орын алатынын білдіреді, газ қысымы - газдың бірлік ауданға қандай күшпен әрекет ететінін сипаттайды.

Температура: Жылулық тепе - теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе - теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен табиғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.

Мысалы: мұнай өнімдерінің салаларын қарастырсақ, майды қоюландырып, оның қозғалтқышын жоятын температура қыста 5 градустан 20 градусқа дейінгі температурада пайдаланылады, ал жазда 20 градусқа дейін.
Ал, дене мен температураны өлшейтін аспапты - термометр деп атайды. Оларды тікелей жанастырсақ температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе - теңдік орнайды.
Термометрлер және температуралық шкалалар.
Температураны өлшеу үшін денелердің кейбір қасиеттері температураға тәуелді өзгеріп отыратыны пайдаланылады.

Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. (судың қайнау, қатаю
нүктелері). Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.

1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:
0 F - 1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 гр F – мұздың еру температурасы 98 гр. F. бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 212 гр F. Фаренгейт шкаласын АҚШ - та пайдалана - ды.

2. Реомюр шкаласы. 1730 ж. француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр. Р – мұздың еру температурасы: 100 гр С - судың қайнау температурасы.

3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр С – мұздың еру температурасы; 100 гр С - судың қайнау температурасы.
Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл - шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша - 237 гр С температураға 0 К сәйкес келеді. Бұл мынадай байланыста болады. Т = t + 237
Сабақты бекіту:

1. Температура дегеніміз не?
2. Оны өлшеу тәсілдерін ата.
3. Термометрлердің түрлерін ата.
4. Термометрлерлерді біз не үшін қолданамыз.

Қорытынды:
Жылулық тепе - теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе - теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен табиғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.

Үй тапсырмасы:
1. 1 күдік ауа - райының жай - күйін анықтау.
2. Қосымша мәлімет жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама