Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Теңдеу ұғымын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды теңдеу ұғымы мен және оны шешу туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру мақсатында мысалдар орындату. Теңдеуді дұрыс шеше білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың теңдеу бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау, танымдық қабілеттерін арттыру, дамыту.
Тәрбиелілік Тазалыққа, ұқыптылыққа, білім сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т. б.
Сабақтың түрі: Қайталау.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т. б.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру. 3 - есеп
10 - а=1 және а - 2=6
III. Жаңа сабақ. Балалар біз бүгін «Математика еліне»саяхатқа шығамыз Автобуспен келе жатырмыз. 1 - ші келген стансамыз

1 - аялдама «Геометриялық фигуралар» стансасы
Ойын: Өз орындарын тап»
1. Түсіндіру. а) Теңдік, тура теңдік, тура емес теңдік, өрнек, қосынды, айырма, санды өрнек, айнымалы өрнек, санды өрнектің мәні, ұғымдары қайталанады.
2. Оқулықпен жұмыс.
2 - аялдама «Математикалық диктант»
1 есеп
а мен 3 – тің қосындысы 4 - ке тең; а + 3 = 4
5 пен а - ның айырмасы 1 - ге тең. а мен 2 - нің айырмасы 0 - ге тең. а мен 0 - дің қосындысы 2 - ге тең, а+0=2 а мен 0 - дің айырмасы 6 - ға тең, а – 0=6
а + 3 = 4
5 – а = 1
а – 0 = 6 Бұлар теңдеулер.

Сергіту сәті:
1. 3 - аялдама «Белгісіздер әлемі» стансасы деп аталады екен. Бұнда кімдер тұрады екен?
Яғни, теңдеулер шешеді екенбіз. Теңдеудегі белгісіздерді немен белгілейміз? (а, в, с. т. б )

2 есеп
а+2=4
6 – а=10
а – 4=4
5+а=10
2 – а=1
а+3=5
7 – а=2
а – 1=4
4+а=10
8 – а=6
Балалар келесі стансаға келіп қалыппыз. Бұл 4 - аялдама «Мәтін есептер» стансасы деп аталады екен.
3 - есеп Шартына сәйкес сұрағын қойып, мәтінді есепке айналдыру.
Би биледі – 6 Шешуі: 6 + 4 = 10
Өлең айтты – 4 Жауабы: Барлығы 10 бала өнер көрсетті.
Жақсы, енді әрі қарай жүреміз.
5 - аялдама «Арифметикалық амалдар»стансасы деп аталады екен.
Арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері айтылады. (+, -, ×, ÷)
Ойын «Сатып ал»

3 Сергіту жаттығулары
. 6 - аялдама «Шығармашылық тапсырма» стансасы
Сөзжұмбақ шешу «Теңдеу»
7 - аялдама «Логикалық есептер» стансасы
Уақытымыздың таяп қалуына байланысты біз саяхатты аяқтауымыз керек. Бірақ сендер математика әлемін әлі де зерттеп, қызығына құныға түсетін боласыңдар. Ертең, жоғарғы сыныпқа барғанда математика әлемі тағы да алдарыңнан шықпақ.
IV. Қорытынды.
V. Бағалау. Жұлдызшалар тарату, мадақтау, мақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама