Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Міндеттері: 1. Теңдеулерді дұрыс шеше білуге және өзін – өзі тексере білуге жағдай жасау.
2. Оқушылардың ақыл – ойын, ой өрісін, ойлау, зейінін, таным қабілетін, тез есептеу дағдысын дамыту.
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Туған елін, жерін сүйетін, парасатты тұлға тәрбиелеу
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: ойландыру, көрнекілік, ойын, сұрақ – жауап, карточкамен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қима қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау
Ауызша есептеу

Ойын
1топ – сары түс, 2 топ – қызғылт түс, 3 топ – көк түс
Түске байланысты дөңгелекшелер беріледі.
1. Сандарды оқы
1 топ
243 175 000
6 000 000 510
2 топ
43 507 003
31 518 001
3 топ
85 000 352 000
75 000 001
2. Өрнекте
1 топ
Метрмен өрнекте
8км 87м, 9км 108м, 12км 7м.
2 топ
Тоннамен өрнекте
1 000 000 г, 76 000 кг, 370 ц.
3 топ
Сағатпен өрнекте
4 тәул, 10 тәул 5 сағ, 2400 мин
Өрнектің қандай түрлері болады?
Әр үйдің нөмірін табуға көмектес.
(945+55) - 980
(7545 + 455): 200
9000: (845 - 545)
4500: 900*10
400: 200 + 58
6800 + 270 - 7000
Өрнектердің аталуы неге байланысты?

Үй тұрғызу үшін кімдер керек?

Жаңа тақырыпқа даярлық 2 мин
Ой қозғау
ҚАЙСЫСЫ ТЕҢДЕУ?
63 - х=100: 5
63 - х - 100
63 - х<100:>

- Теңдеу дегеніміз не?
Құрамында әріп болатын және белгісіз санды іздеу мақсаты қойылатын теңдікті айтады. Белгісіз санды тура теңдікке айналдыратын санды теңдеудің түбірі дейді.
Теңдеуді шешу дегеніміз оның түбірлерін табу.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№3 жалпы ота білім беретін мектеп - кешені» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серикалиевна
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама