Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің әдістеріне есептер шығару
Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Математика пәні мұғалімі
Тореханова Фарида Бактигалиевна

Тақырыбы: Теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің әдістеріне есептер шығару.
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теңдеудің түрлері, теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімдерін жалпылау және теңдеуді түрлендірудің, түбірлерін тексерудің дағдысын қалыптастырып, білім - біліктерін жетілдіру. Оқушыларды ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

БІЛУ 3 мин
Еске түсір! (анықтама)
Көптеген теңдеулерді түрлендіру «салдар - теңдеу» ұғымымен байланысты.
А: Егер ƒ (x) = g (x) теңдеуінің әрбір түбірі p(x)=φ(x) теңдеуінің түбірі болып табылса, онда соңғы теңдеу алдыңғы теңдеуге қатысты салдар - теңдеу деп аталады.
Салдар теңдеуге келтіретін кейбір түрлендіруді қарастыру үшін ЖИКСО әдісін
қолдану: 1 - мысал: теңдеуін қарастырайық, оны түрлендіргеннен кейін х ² + х - 6 = 0 теңдеуін аламыз. Соңғы теңдеудің түбірлері - 3 және 2. 2 - теңдеудің түбірі болады, ал - 3 түбірі емес, бұл екі теңдеу нақты сандар жиынында мәндес емес.
Қорытынды: егер берілген теңдеу салдар - теңдеу арқылы шығарылса, онда салдар -
теңдеудің барлық түбірлері бастапқы теңдеудің түбірлері болатынын тексеру керек.

Қазақ халқының ауызша есебі
2 мин Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай
2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? 6 лақ
Теңдеуді натурал дәрежеге келтіру
4 мин Теңдеуді натурал дәрежеге келтіру. 2 - мысал екі жағын да квадраттап, х2 - 7х + 10 = 0 салдар - теңдеуін аламыз. Оның түбірлері: 2 және 5. Ж: 5
Қорытынды: теңдеуді тақ дәрежеге шығарсақ, оған мәндес салдар – теңдеу шығады;
жұп дәрежеге шығарсақ, барлық жағдайда оған мәндес салдар - теңдеу шыға бермейді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама