Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту.
Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелілік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту.
Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгіме сұхбат, жаңа технология элементтері, логикалық тапсырмалар, іскерлік ойындар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 - топ. «Терінің құрылысы».
2 - топ. «Терінің қызметі».
3 - топ. «Терінің маңызы»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Ер дәулеті - еңбек”
1. Сұрақты суретте.
Денсаулықты нығайту, сақтау туралы ғылым.
2. Жасушаны зерттейтін ғылым.
3. Адам бүйрегінің массасы.
4. Бүйректің өте қауіпті ауруы.
5. Бүйрек қызметін зерттейтін дәрігер
Бүйректің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Жауаптары:
1. Гигиена
2. Цитология
3. 150 г
4. Нефрит
Уролог
Нефрон

2. Тест Сұрақтары.
1. Адам бүйрегінің массасы?
А) 100 г В) 150 г С) 350 г
2. Үрмебұршақ пішінді жұп мүше?
А) өкпе В) жүрек С) бүйрек
3. Бүйректің ойыс жағындағы ішкі кеңейген қуысы?
А) бүйрек астауы В) бүйрек қақпасы С) нефрон
4. Бүйрек ұлпасы неше қабаттан тұрады?
А) 3 В) 2 С) 1
5. Зәр шығару мүшесін көрсет.
А) жүрек В) өкпе С) бүйрек
6. Бүйректің сыртқы қоңырқай түсті қабаты?
А) ми заты В) қыртысты зат С) бүйрек астауы
7. Бүйректің ішкі бозғылт түсті қабаты?
А) ми заты В) қыртысты зат С) бүйрек астауы
8. Бүйрек үсті бездері................ жатады?
А) сыртқы секреция бездеріне
В) ішкі секреция бездеріне С) аралас бездерге
Жауаптары:
1. В 5. С
2. С 6. В
3. А 7. А
4. В 8. В

“Білгенге маржан”
ІІІ. Жаңа сабақ
Терінің қызметі, маңызы

Жеңіл, еркін қозғалуға мүмкіндік береді;
Тұлғамыздың сыртқы жабыны;
Денеге әр түрлі микробтар енуден сақтайды;
Ысып немесе суып кетуден дене қызуын сақтайды;
Судың мөлшерін белгілі көлемде сақтайды;
Түсі меланин пигментіне байланысты әртүрлі болады.

Терінің құрылысы

Сыртқы (эпидермис) → Эпителий ұлпасынан тұрады.
Нағыз тері (дерма) → Дәнекер ұлпадан тұрады.
Тері астындағы май клетчаткасы → Май ұлпасынан түзіледі

Сыртқы қабат – эпидермис көпқабатты эпителий ұлпасынан түзілді. Оның терең қабатында пигмент болады, терінің түсі осыған байланысты. Эпидермистің қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайды. Ол қысым көп түсетін және көп үйкелетін жерлерде (алақанда, табанда ) қалыңдау болады. Ол үнемі түлеп, тереңірек орналасқан жасушалардың есебінен жаңарып отырады. Эпидермис өлі, мүйізденген жасушалардан тұрады. Балалардың тері эпидермисі өте жұқа болады.

Ортаңғы қабаты – дерма немесе нағыз тері орналасқан.
Онда жүйке талшықтарының ұштары мен қан тамырларының жиі торы орналасқан.
Балалар мен жасөспірімдерде нағыз тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май және тер бездері, түк түбірі орналасады

Май клетчаткасы – терінің ең терең қабаты.
Ол жұмсақ дәнекер ұлпасынан және жасушалардың шоғырынан тұрады. Ол
“төсеніш” қызметін атқарады. Қоректік заттардың және энергияның “қоймасы” болып есептеледі.

IV“Бақытты сәт” ойыны
1. Бой сергіту
2. Суретпен жұмыс.
3. Жұмбақтас
4. Сіз білесіз бе?
5. Ойлан, тап!

1. “Бой сергіту”
1 – топ. “Терінің құрылысы”
1. Тері неше қабаттан тұрады? (..........)
2. Қалыңдығы 4 мм - ге дейін болатын терінің үстіңгі қабаты. (.......................)
3. Тер, май бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар терінің қабаты. (.......................)
Май жасушаларымен толы борпылдақ әрі жұмсақ қабат. (................)
5. Терінің туындысы. (......................)

2 - топ. “Терінің қызметі”
Терінің өкпеге ұқсас қызметі. (........)
Денені тым салқындаудан және қызудан сақтау қызметі. (.........)
Организмдегі су алмасуды реттеу қызметі. (...........)
Тітіркенуді қабылдау қызметі. (.........)
Химиялық заттардың зиянды әсерінен қорғайтын қызметі.(.......)

3 - топ. “Терінің маңызы”
1. Теріні басқаша қалай айтуға болады? (.............)
2. Ыстық, суық, күю, үсу жарақаттарын білдіреді. (...........)
3. Қандай пигментке байланысты тері әртүрлі болады? (........)
4. Тері мықты және.................

Қостанай облысы,
Арқалық қаласы, Арқалық медицина колледжінің
биология пәні мұғалімі: Сыздықбаева Айымкүл Мұратқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама