Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу
І. Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі екі санды қосу (презентациясымен)
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға теріс сандарды қосуға және таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығартып, білімдерін тереңдету
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: венн диаграммасы, ауызша есептер, деңгейлік есептер
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №454,№455 есептер
Сабақтың жүргізілу тәртібі:: 3 - слайд
1. Бәйге (Тез ережелерге жауап беру).
2. Көкпар(Деңгейлік есептер шығару)
3. Жорға (Ауызша есептер шығару)
4. Сен білесің бе?
4. Бапкер (Венн диаграммасы)
5. Мәреге жету (Қорытындылау, білімін бағалау)

Үйге тапсырма
1. Бәйге (Тез ережелерге жауап беру). 4 - слайд
1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан......
2. Кез келген санның нөлмен қосындысы...
3. Қарама - қарсы сандардың қосындысы
4. Қарама - қарсы сандардың.... Өзара тең
5. Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін...
6. Теріс сандарды қосу үшін...

2Көкпар( Ауызша есептер шығару) 5 - слайд
Тапсырмалар А, В, С деңгейлерге бөлінеді
• А. 12 мен 18 сандарының ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар
• А. 24 пен 32 сандарының ЕҮОБ және ЕКОЕ табу керек
• В. 42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады
• В Әлияның қадамының ұзындығы 40см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы60см,. Олардың әрқайсысы қанша қадам жасаған сайын жүріп өткен қашықтықтары теңесіп отырады
• С. 75, 25, 120 және 150 сандары жай көбейткіштерге жіктеп, ЕКОЕ және ЕҮОБ табыңдар

3 Жорға (Ауызша есептер шығару) 6 - слайд
Жай көбейткіштермен жазылған натурал сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.
1) 23 *3*5 және 2*32*11
2) 2*3*112 және 11*3*7

4. Бапкер (Венн диаграммасы)

Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталап келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама