Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тест әдісі арқылы оқушылардың білімін есепке алу
Алматы қаласы,
Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы

Әдебиет 5-сынып
2-тоқсан
Тест әдісі арқылы оқушылардың білімін есепке алу
1. Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздерін не дейміз?
а) аңыз әңгімелер
в) ертегілер
с) шешендік сөздер +
д) мысалдар
е) діни әңгімелер
2. Кімнің сөзі?
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін,
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенмін.
Қазақ-қалмақ баласы,
Табысқалы келгенмін.
а) Төле би
в) Тайкелтір
с) Сырым
д) Қазыбек би +
е) Малайсары
3. Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде кімнен бата алуға келеді?
а) Төле биден
в) Әйтеке биден
с) Ақсуат биден
д) Қазыбек биден
е) Малайсарыдан +
4. Адам істейтін әрекеттерді жануарлар мен жәндіктер арқылы көрсетуді не дейді?
а) Аллегория +
в) Аннотация
с) Ассонанс
д) Аллитерация
е) Анафора
5. «Қырық мысал» жинағының авторы кім?
а) С.Дөнентаев
в) И.А.Крылов
с) А.Құнанбаев
д ) А.Байтұрсынұлы +
е) Ы.Алтынсарин
6. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалының авторы.
а) С.Дөнентаев
в) И.А.Крылов
с) А.Құнанбаев
д) А.Байтұрсынұлы +
е) Ы.Алтынсарин
7. М.Өтемісұлының өмір сүрген жылдары?
а) 1803-1846 +
в) 1802-1846
с) 1804-1846
д) 1803-1848
е) 1805-1843
8. Қай шығармадан?
Толғай-толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан.
Қабырғасын қақыратқан.
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп аятқан.
а) «Толағай»
в) «Ер Төстік»
с) «Соғыс» +
д) «Қызғыш құс»
е) «Егіннің бастары»
9. Жазған авторы белгілі ертегіні не дейді?
а) шыншыл ертегі
в) хайуанаттар жайлы ертегі
с) қиял-ғажайып ертегілері
д) әдеби ертегі +
е) аңыз әңгімелер
10. Қай кейіпкер?
Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Жай отынан кейін емес.
а) Ер Төстік
в) Керқұла атты Кендебай
с) Толағай +
д) Тазша бала
е) Ер Тарғын
11. Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық, аллегориялық тәсілмен жазылатын шығарманы не дейді?
а) Әдеби ертегі
в) Мысалдар+
с) Лирикалық өлеңдер
д) Аңыз әңгімелер
е) Діни әңгімелер
12. Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық.
Өлеңнен көркемдік тәсілді тап.
а) Аллитерация +
в) Ассонанс
с) Арнау
д) Аллегория
е) Анафора
13. Қазақ балалары үшін алғашқы оқулық «Қазақ хрестоматиясын» жазған ұстаз.
а) А.Байтұрсынов
в) Ш.Құдайбердиев
с) Ы.Алтынсарин +
д) А.Құнанбаев
е) С.Дөнентаев
14. Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Қай шығармадан?
а) «Егіннің бастары»
в) «Өгіз бен бақа» +
с) «Аққу, шортан һәм шаян»
д) «Есек пен бұлбұл»
е) «Қарға мен түлкі»
15. Ы.Алтынсарин көп жылдар аңсап, өз өмірінің арманы болған мектебін қай жылы ашты?
а) 1844
в) 1850
с) 1864+
д) 1874
е) 1860
16. Тәкаппар сөзінің мағынасын тап.
а) аспанға қарау
в) таңданып қарау
с) форма, пішін
д) ешкімді менсінбейді +
е) айбатты, қайратты
17. Қасиетті Құран Кәрімде неше сүре бар?
а) 112
в) 114+
с) 116
д) 118
е) 120
18. Алла тағала күллі ғаламды неше күнде жаратты?
а) 6+
в) 9
с) 10
д) 12
е) 60
19. Құранды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа (әуенге) салып оқушы адам.
а) сахаба
в) қари +
с) хафиз
д) уаһи
е) табиғин
20. Ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздары жазылған діни кітап.
а) Таурат
в) Забур
с) Інжіл
д) Құран Кәрім +
е) Уахи
21. «Өзен» өлеңінің буын өлшемін, ұйқас түрін табыңыз.
а) аааа шұбыртпалы ұйқас
в) ааба қара өлең ұйқасы +
с) аабб егіз ұйқас
д) абаб шалыс ұйқас
е) абвб кезекті ұйқас
22. А.Құнанбаевтың өмір сүрген кезеңін табыңыз.
а) 1803-1846
в) 1841-1889
с) 1845-1904+
д) 1846-1945
е) 1858-1931
23. Жансызды жанды түрінде суреттеуді не дейді?
а) кірме сөздер
в) кекесін
с) композиция
д) кейіпкер
е) кейіптеу +
24. Нәфрәтлі сөзінің мағынасы.
а) үлгілі
в) сияқты, тәрізді
с) үлкен, еңселі
д) жеркенішті +
е) айналайын
25. Қай өлеңнен?
Дүние де – өзі, мал да – өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз...
а) «Өзен»
в) «Қыс»
с) «Егіннің бастары»
д) «Ғылым таппай мақтанба» +
е) «Өгіз бен бақа

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама