Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
1. Ауылшаруашылық мамандықтары
2. Сауда және қоғамдық тамақтану кәсібі
3. Мамандық игеру жолдары

Сабақтың үлгісі:
Пән: Технология
Тақырып: Ауылшаруашылық мамандықтары
Мақсаты: Ауылшаруашылық мамандықтары туралы білімдерін толықтырады, мамандықтардың өзіндік ерекшеліктерін талдайды, өздерінің өмірлік жоспарларын құруға бейімделеді.
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы әдісімен өз ойын талдауға дағдыланады, тақырыпқа орай пікірін жан-жақты жеткізе біледі.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Топтастыру:
І топ – «Жеміс-жидектер»
ІІ топ – «Көкөністер»
Әр топтың көшбасшысын стикермен белгілеймін.
Қызығушылықты ояту:
«Мен өмірді сүйемін...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, топта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
Слайд арқылы суреттер көрсетіліп, сұрақ қойылады. Суретте қандай мамандық иелерін көріп отырмыз?
Бұл маман иелерін қандай салаға жатқызамыз?
Бүгінгі сабағымызда мал шаруашылығы саласындағы мамандықтар туралы білетін боламыз.
Тоқтап оқу» әдісі бойынша әр топ берілген тақырыппен танысады.
І топ – егін шаруашылығы,
ІІ топ – мал шаруашылығы.
Оқушылардың әрекеті
Оқушылар екі топқа топтасады.
«Мен өмірді сүйемін, себебі мен білмейтін ғажайып сырлары көп...» деген сияқты сөйлемді аяқтату арқылы топта жағымды қарым - қатынас орнату.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін жауаптар: агроном, мал дәрігері, фермер, бақташы, механизатор, т. б.
Ауылшаруашылық мамандықтары. Егіншілік пен мал шаруашылығындағы мамандықтар.
Топта талдайды.
Постер дайындайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама