Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Мақсаты:
• білімділік: тік бұрышты үшбұрыштардың теңдігін дәлелдей білуі және оларды есептер шығаруға қолдана білуі
• дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
• тәрбиелік: өздерінің алған білімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Презентация «Тік бұрышты үшбұрыш», үлестірме қағаздар
Күтілетін нәтиже:
теоремаларды дәлелдей білуі және оны есеп шығаруға қолдана білуі керек

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыптарға шолу
3. Жаңа сабақ Презентация
4. Сабақты қорытындылау, бағалау
5. Үйге тапсырма беру
Сұрақ - жауап / өткен тақырыптарға шолу/
1. Үшбұрыш дегеніміз не?
2. Қандай үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп аталады?
3. Элементтерін атаңыз?
4. Үшбұрыштар теңдігінің 3 белгісін еске түсірейік.

Сабақ мазмұны:
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері:
1. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеттері екінші бір үшбұрыштың сәйкес катеттеріне тең болса, онда мұндай тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.
2. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті және оған іргелес жатқан сүйір бұрышы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес жатқан сүйір бұрышына тең болса, мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
3. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сәйкес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.
4. Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен катетіне тең болса, онда мұндай тікбұрышты үшбұрыштар тең болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама