Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Тік төртбұрыштың ауданын есептеудің жалпы тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданын есептеудің жалпы тәсілі
Сабақтың мақсаты:
1. Тік төртбұрыштың ауданын таба білуге үйрету. Аудан өлшем бірлігін білу;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау. Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге дағдыландыру;
3. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, суреттер қызықты есептер, фигуралар
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Таңертең ұйқыдан тұрғанда нені көресіңдер?- Күнді.
- Күнді көргенде қалай қуанасыңдар? /шапалақтау/
- Күн бізге жылуын шаша ма, әлде суығын төге ме?
- Міне, күн жарқырап жылуын төгуде.
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А/ №7. 10 және 2сандарын пайдаланып, өрнек жаз.
Ә/ Тренинг «Есіңе түсір»
1. Көбейтудің компоненттерін ата.
2. Қандай геометриялық фигураларды білесің?
3. 1 жылда неше ай бар?
4. 1 сағатта неше минут бар?
5. 1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?
6. Х*3=9 Бұл не?
7. а+37 Қандай өрнек?
8. Қандай санды 2-ге көбейткенде 16шығады?
9. Қызыл дөңгелек заттарды ата.
10. 28: 4=
1124 теңгенің 4-тен бір бөлігі.
12. Ойлаған санға 30-ды қосқанда 40 шықты. Ойлаған сан неше?
13. Қосудың компоненттерін ата.
14. Отызды 5 есе кеміт.
15. Периметрді қалай табамыз?
16. 5*6=
17. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
18. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
19Шаршы дегеніміз не?
20. Ауданның өлшем бірлігін ата

Б/ Қандай санды көріп тұрмыз?
Көркем жазу. 8 3 6 9 0

ІІІ. Жаңа материал.
4*2=8см
Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығын еніне көбейту керек.
№2 А/ 2см және 5см
2+5+2+5=14см
2*5=10см²

Ә/ 4см және 4см
4*4=16см²
4+4+4+4=16см

Сергіту сәті
Жеке жұмыс:
А/ Қызыл тіктөртбұрышты таңда, өлше, ауданын тап.
Ә/ Көк түсті таңда, өлше, ауданын тап.
Б/ Жасыл түсті таңда, өлше, ауданын тап.
В/ Сары түсті таңда, өлше, ауданын тап.

№4
Беткі ені - 40м
Табаны -? 10есе кем
Тереңдігі -? 1м артық
Ш: 40: 10=4
4+1=5
Жауабы: тереңдігі 5метр

Қызықты есептер:
а/ Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?
Ә/2қыз шахматты 2 сағат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
б/1тұтас алманы тең етіп 2 бөлікке бөлгенде бірінші жартысы неге ұқсайды?

Ойын: «Кім жылдам?»Ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа үйрету Алфавиттегі әріптерге ондықтарды қою.
5*2=
26*10=
140: 2=
2*5=
90*2=

10 - А
260 - У
70 - Д
10 - А
180 - Н Тіктөртбұрыштың ауданы

Сабақты қорыту: Біз не білдік?
Бағалау:
Үйге: Дәптердің ауданын табу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама