Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу.
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды таба білуге үйрету.
Деңгейлік, логикалық тапсырмалар арқылы таным қабілеттерін дамыту.
Қазақстан тарихындағы даталы күндердің маңызын білу арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, рәміздер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі:дәстүрлі.
Пән аралық байланыс: дүниетану, тарих.

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар түгенделіп, олардың сабаққа дайындықтары тексеріледі.Назарлары сабаққа аударылады.

ІІ Жаңа материалды тереңдету.
- Өткен сабақта немен танысып едік?
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
№ 1 Тік төртбұрыштың, шаршының ауданын, периметрін қалай тапқанымызды түсіндіреді.
- Тік төртбұрыш деп қандай фигураны атаймыз?
- Шаршы деп ше?
- Тік төртбұрыш қандай заттарға ұқсайды?

№ 2 Тік төртбұрыш күнтізбе де болады екен.Осы күнтізбенің бетін неше квадрат см-ге бөлуге болады?
- Күнтізбеде қандай сандар ерекшеленіп тұр?
10 желтоқсан - бүгін Адам құқығы туралы Халықаралық билльдің қабылданған күні.1948ж.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.1991 ж.
- Біз бүгінгі сабағымызда Тәуелсіздігіміздің белгілеріне шолу жасаймыз.Ол үшін 82-беттегі №3 тапсырманы орындайық.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама