Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылардың білім – білік дағдыларын тиянақтай отырып, ауданның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.

Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық ахуал тудыру
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып, Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз. Ой қозғау
1. Сыныпта тыныштық сақтаймын
2. Бір - бірімізді тыңдаймын
3. Қапталдасып сөйлеймін
4. Мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдаймын
5. Жолдастарыма қарсы сөйлеймін
6. Далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеремін
7. Қыз балаларға жол беремін
8. Үлкендерге құрмет көрсетемін
9. Сыныпта барлық тапсырманы тек өзім ғана орындаймын
10. Мен бүгінгі сабаққа дайынмын.

Пән мұғалімі: Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама