Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіктөртбұрыштың ауданы
Тіктөртбұрыштың ауданы
8 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Тіктөртбұрыштың, квадраттың аудандарын есептейтін формулаларды қорытып шығаруға үйрету, тіктөртбұрыштың ауданының формуласын пайдаланып есептер шығару.

Басталуы 5 минут
Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық. (Сәлеметсіздер ме!)
Сендердей ақылды балалар,
Жоқ шығар сірә әлемде.
Зерек те, алғыр балаларым,
Ұялып бүгін саспайық.
Жайдары жақсы көңілмен,
Сабағымызды бастайық

Шаттық шеңбері
Фигуралар арқылы топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ «Ромб»
2 - топ «Квадрат»
3 - топ «Трапеция»
“Өткенге үңілмей, жаңаға қадам баспаңыз” әдісі
бойынша үй тапсырмасын пысықтау
Фигураның ауданы деп нені түсінеміз?
Тең шамалы және жай фигуралар дегеніміз не?
Жай фигураларға қатысты аудан ұғымының қандай қасиеттерін қабылдаймыз?

Ортасы 10 минут
«Фигуралар сыры» әдісі
Мына фигураларға мұқият қараңыздар.
Бұл фигураларды адам өзі ойлап тапты ма? Әлде бізді қоршаған ортада осындай фигураларға тән заттар бар ма?
Қай жерде осындай фигураларды көруге болады?
(Оқушылардың жауабын тыңдау)
Аспандағы күн, планеталар, ай - шеңбер
Қауын, тұқым, қияр – овал
Үшбұрыштарға мысал ретінде Хеопс пирамидасын айтуға болады, тауда көруге болады
Ал егер үшбұрыштың төбесі болмаса - трапеция
Осы фигуралардың ішінен үшбұрышқа жатпайтын, шеңбер бола алмайтын, төрт бұрышы бар, барлық жағының ұзындығы бірдей емес қандай фигура бар?
(Тіктөртбұрыш)
Тапсырма. Әр оқушыға конверт дайындап қойдым. Қазір бәрің көздеріңді жұмып, конвертті ашасыңдар да, қолдарымен ұстап тіктөртбұрышты табасыңдар.
- Кім қанша тіктөртбұрыш тапты?
(Қанша төртбұрыш тапқандарын айтады)
Бұл фигураның тіктөртбұрыш екенін қандай белгілеріне қарап таптыңдар?
«Жаңалық» әдісі
Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Тіктөртбұрыштың ауданы»
Теорема
Тіктөртбұрыштың ауданы оның іргелес жатқан екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.
Дәлелдеу. АВСД тіктөртбұрышы беріліп, іргелес жатқан қабырғалары а, b болсын. Ауданды S деп белгілейік.

ОҚО, Арыс ауданы, Монтайтас елді мекені
Математика пәнінің мұғалімі Джаманбаева Мейрамкүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама