Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі және ауданы
Ашық сабақ
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі және ауданы
Сабақтың мақсаты: Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі және ауданы туралы оқушыларға түсінік беру
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топпен, жеке жұмыс
Сабақтың барысы:

Күтілетін нәтиже: Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі және ауданы табуды үйренеді. Отан сүйгіш, патриоттық рухы биік тұлға қалыптасады. Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік болады. Өз пікірін дәлелдейді. Оқушылар жаман қасиеттерден жирене отырып, ізгілік жолына тәрбиеленеді.
Негізгі идеясы: Оқушылардың сабақты өз бетінше меңгеруі, топта бірлесе жұмыс жасауы, бірін - бірі үйретуге машықтану
Оқудың өзара байланыстары: Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, бейнелеу
Ресурстар: Түрлі - түсті қағаздар, ашық бағалау журналы, маркер, смайликтер жалпы оқу құралдары т. б.

1. Ұйымдастыру
(Топқа бөлу)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, «Шашу» ойыны арқылы 2 топқа бөлемін (Бүкіл ел көлемінде және ауданымызда тойланып жатқан торқалы мерейтойларға арналып шашу ретінде шашылған жекеленген тәттілердің түстері арқылы 2 топтың мүшелері анықталады).

2. Үй тапсырмасы
(Білу, түсіну)
Оқулық бойынша 7 - есеп үйге берілген, дәптерге орындауын тексеремін.
7 - есеп. Теңдеуді шешу:
12: х=6
х*10 =30
х*100=900
9*=45
50*х=400
72: х=8

3. Жаңа сабақ
(Талдау, қолдану)
1. Жағдаятты күнделікті өмірден мысал келтіріп туындату, сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, түсіндіру
2. 1 есептің б) бөліміндегі тапсырмасын топтарға бөліп беру. Постермен жұмыс
3. Топтар бойынша, жеке оқулықпен жұмыс
4. «Қара жорға» биі арқылы сергіту сәтін орындауға тапсырма беру.

Сынып жетекшісі: Төлегенова Ж.

Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі және ауданы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама