Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тіл  - достықтың кепілі
ШҚО. Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі
Аязбекова Дария Сериковна

Тіл - достықтың кепілі
Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін тілін дамыту, мәнерлеп оқуға, айтуға машықтандыру, жетілдіру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, тіл туралы нақыл сөздер. Шаңырақ.

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, қадірлі қонақтар!
«Тіл – достықтың кепілі» атты аудандық мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

2жүргізуші: Сайысқа қатысушыларды құттықтау сөз Аудандық бастауыш сыныптар әдіскері ҚызжановаАйгүл Кәрімқызына беріледі.
Келесі құттықтау сөз мектебіміздің директоры Мырзаханов Мақсұт Тұрсәлімұлына беріледі.

1 - жүргізуші: Ана тілі әрбір жан баласына ана сүтімен даритын ұлы қасиет. Ана тілімен қатар дүниежүзілік қолданыста болатын тілдер де бар. Олар орыс, ағылшын тілдері.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні.

1 - жүргізуші: Ал біздің ана тіліміз - қазақ тілі.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, - деген, талантты ақын Қадір Мырза Әли

Ана тілі туралы өлеңдер (3 «А» класс оқушылары).
Ән «Ананың тілі».

2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңы 1989 жылы 22 - қыркүйекте, жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Бүгінде сол заңымызға 21 жыл толып отыр.

1 - жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы жұлдыз баба тілі сен қалдың.
2 - жүргізуші: Ана тілім – ана күтім, арым менің,
Сәулетім сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.

1 - жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын тамыры. Онсыз адам - мәңгүрт.

2 - жүргізуші: Ұлттық тіл – әр халықтың өзіндік ой санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық - аты бар да заты жоқ тобыр.
Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстыру.

1 - жүргізуші: Ана тілімізідің туын биікке көтерер оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз.
Концерттік бағдарлама.
Сайыстың қорытындысын шығару қазылар алқасына беріледі.
2 - жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін,- дей келе «Тіл достықтың кепілі» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама