Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тіл кемістігі бар балаларға, ата - аналарға, логопедтерге арналған
Тіл кемістігі бар балаларға, ата - аналарға, логопедтерге арналған.

Ата - аналарға нұсқау
Сіздің сәбиіңіздің денсаулығы мен қатар, жалпы сөйлеу тілін дұрыс қалыптастыру үшін балабақшамен тығыз қарым - қатынас жасағаныңыз дұрыс. Ұсынылып отырған үй тапсырмасын орындау дәптері, өздеріңіздің көмектеріңіздің арқасында балаңыздың көп нәрсені танып білуіне септігін тигізеді деген ойдамыз.
Бұл үй тапсырмасы дәптері тіл кемістігі бар балаларға арналады. Мұнда сіздермен бірігіп жұмыс жасау үшін әрбір тақырыпқа сәйкес тапсырмалар беріледі.
Бір аптаға арналып берілген тапсырмаларды 15 - 20 минут балаңызбен бірге күнделікті пысықтап отырыңыз.
Жұмыс дәптерінің құндылығы мұнда мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар, әңгімелер, ойлау - есту қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын молайтуға арналған түрлі ойындар, ұсақ қол қимылдары, шынықтыру жаттығулары ұсынылған.
Сонымен қатар балаңызбен сабаққа дайындалу уақытын үнемді пайдалану үшін сәбиіңіздің көңіл күйінің көтеріңкі болуын, әрі шаршап қалмауын қадағалаңыз.
Ол үшін ойын түрінде баланың қызығушылығын арттырыңыз. Балаңыздың сөйлеу тілі қалыптасқан болса түрлі сұрақтар қою арқылы ойын жеткізуге дағдыланыңыздар!
Құрметті ата - аналар, сіздің балаңызбен ортақ іс - әрекеттеріңізге сәттілік тілеймін!
Кітаппен жұмыс істеу ережесі

Ата – анаға нұсқау. Барлық лексикалық тақырыптарға берілген тапсырмалар.

Сөздің тіркесін дамытуға арналған тапсырмалар. Сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау, суреттерді көрсете отырып әңгімелеу.

Саусақтардың қимыл - қозғалысын дамытуға арналған ойын тапсырмалары.

Артикуляциялық жаттығулар. Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаттары тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар.

Қосымша жеке тапсырмалар.
Дене мүшелері.

Балаға айтып түсіндір.
- Мына суретке қарап балаларыңызбен сөйлесіңіздер.
- Мына дене мүшелерін атап, көрсетіп айтыңыздар.

«Дұрыс айт»
Мына дене мүшелерімен не істейміз?
Мысалы: мұрынымызбен дем аламыз.
Тісімізбен______________________
Аяғымызбен ___________________
Басымызбен ___________________
Қолымызбен____________________

«Айтып жасап, жатта»
Көзімді мен жұмамын, жұмамын,
Көзімді мен ашамын, ашамын,
Аузымды мен ашамын, ашамын,
«А» дыбысын айтамын, айтамын.

Сенде не бар? Тап.

Балаларға өз бойларынан қандай дене мүшелері екіден екенін көрсетуін, айтуын сұрайды. Мысалы: екі көз,............................................................................................

Біз не үшін қолымызды жуамыз? Қашан, не істегенде?

Баланың жауабын жазыңыз......................................................................................

Киімдер.

Балаға айтып түсіндір.

Мына киімдердің атын дұрыс ата.

Жақсы көретін киіміңді жаз..
________________________
________________________

Бірге жаттау.
Ма - ма - ма қара пима.
Он - он - он жылы тон:
Шын - шын - шын әдемі құлақшын,
Ғап - ғап - ғап тоқылған қолғап.

«Көп, аз»
Көйлек – көйлектер
Шалбар –.......................
Жейде –........................
Құлақшын –.................
Тон –.............................

Аяқ киімдер.

Балаға айтып түсіндір.
- Бізге неге аяқ киім қажет, оны неден жасайды.

Суретке қарап аяқ киімдердің атауларын дұрыс ата. (өкше, бау, қоныш, замок, табан, бас)

«Сөз тауып есте сақта»
Етік қандай?..................................................................
Пима қандай?..............................................................
Бәтеңке қандай?..........................................................
Туфли қандай?.............................................................

Дидактикалық ойын «Сөзді қайтар» (доппен)

Баламен допты лақтыра отыра киімдерді, аяқ киімдерді атай отырып допты бір - біріне береді.
________________________________________________________
________________________________________________________

Ыдыстар.

Балаға айтып түсіндір.
- Балаңызға ыдыстар туралы түсінік беріп, оларды қайда қолданатынымызды айтып түсіндіріңіз.

Суреттегі ыдыстардың атауларын ата.

«Аз, көп»
Пышақ - пышақтар
Қасық –...........................
Тәрелке –........................
Ожау –............................
Кесе –..............................
Шанышқы -....................

Жұмбақ шешу
Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та турар ол.

Дидактикалық ойын «Кім тез»
Допты бір - біріне бере отыра, ыдыстарды атау.

Суретке қарап сұраққа жауап бер. Суретті боя.

Ана не істеп жатыр?...............................................................................
Қасында қандай ыдыстар бар?.............................................................
Суретте қандай бөлме бейнеленген?....................................................
Ана қолында не ұстап тұр?...................................................................
Жаз.

Балаға айтып түсіндір.

- Балаға далада жаз мезгілі келгені туралы түсіндіріңіз.
- Жаз айында ағаштар гүлдеп, орман жасыл түске боялып, қырда көптеген өсімдік гүлдер өсетінін айтып түсіндіріңіз.
Суретке қарап сұрақтарға жауап бер

- Қандай жыл мезгілі келді?..........................................................................
- Жаз айында ағаштар мен шөптердің түсі қандай?..................................
- Жазда орманда нелер көп?........................................................................
- Жазда аспан қандай?.................................................................................
- Балалар не істеп жатыр?............................................................................

Бірге жаттайық!
Балақай - ау балақай,
Жаз келеді - ау алақай.
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Тайға мініп келеміз,
Алтыбақан тебеміз.

Суреттегі гүлді дұрыс боя.

Үй жануары. Мысық.

Балаға айтып түсіндір.
Суретке қарап мысықтың дене мүшелерін ата.

Есте сақтайық!
Мысық - мияулайды, пырылдайды.
Мысық – марғау, үй жануары.

Тақпақ жаттау.
«Мысық»
Мысық көзін ашты да,
Сүртті бетін қолымен.
Кім білсін, қарны ашты ма,
Жуынды ата жолымен.

«Ойлап, тап» Мысық не істеп жатыр.

________________ _________________

Ойын «Айнытпай сал» Олай - былай жүгіріп,
Ала мысық ойнамай,
Аша алмаса есікті,
Дыбыстайды ол қалай?......................

Дұрыс боя.

Үй жануары. Ит.

Балаға айтып түсіндір.
- Суретке қарап иттің дене мүшелерін ата.

Ит үй жануары, иттің баласы күшік.

Бірге жаттайық.
«Күшік»
Күшігім өсіп ит болды,
Түнде тынбай үреді.
Адал досын қасымнан,
Қалмай бірге жүреді.
Есте сақта.
Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды.
Күшік шәуілдейді.

Ойын «Айнытпай сал»
Күзетші күшік сақ құлақ,
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ,
Қалай - қалай үреді?.....................

Жұмбақты шешіп, суретті дұрыс боя.

Адамға серік,
Күзетке берік.
(..........)
Тіл кемістігі бар балаларға, ата - аналарға, логопедтерге арналған жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама