Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тіл мәртебесі - ел мерейі
Тіл мәртебесі – ел мерейі (7 - сынып)
Мақсаты: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының салт - дәстүрімен, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету, қазақ ақын - жазушыларының шығармаларымен таныс болып, оны жатқа білуге баулу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: техникалық құралдар, тіл туралы нақыл сөздер, ҚР мемлекеттік рәміздері. Түрі: сайыс сабақ.. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, шығармашылық, топтармен жұмыс.
Сайыстың барысы:
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» (слайд)
- деген елбасымыздың осы жолдармен сайысымызды ашқым келіп отыр.
1 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: - Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір.
Қазақ осы «Өнер алды - тіл» дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130 - дан астам басқа ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін білу керек.

1 - жүргізуші: - Осы мақсатпен Тілдер күніне орай « Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты сайыс жүргізіп отырмыз.
Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: «Танысу» (слайд)
1 - жүргізуші: – Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Енді, сайысымыздың «Танысу» кезеңін бастаймыз (әр топ топтың атын, ұранын айтып, көрсетеді)
1 - топ - «Тұлпарлар»
2 - топ - «Көгершіндер»
2 - кезең: «Үй тапсырмасы». (слайд)
1 – жүргізуші: - Бұл кезең тапсырмасы бойынша әр топ «Ана тілі туралы» дайындап келген тақпақтарын айтады.

3 – кезең: «Кім көп біледі?» виктариналық сұрақтар.(слайд)
1 - жүргізуші: - Келесі сайысымыз –«Кім көп біледі?». Бұл сайыста қай топ тез әрі сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.
2 - жүргізуші: (слайд)
- «Тұлпарлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. Қазақтың ұлы ақыны кім?(Абай)
3. ҚР рәміздерін ата.(ту, елтаңба, әнұран)
4. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
5. Буын түрлерін ата.(ашық, бітеу, тұйық)

1 - жүргізуші:
- «Көгершіедер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?(9)
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2)
3. Ұлттық тағамдарды атаңдар?(ет, бауырсақ, қазы - қарта)
4. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?(салалас, сабақтас. аралас)
5. Биенің сүтінен жасалатын сусынды.(шұбат)

4 - кезең: «Полиглот болғың келсе».

1 - жүргізуші:- Бұл кезеңде сайыскерлер қоржыннан қима қағаздарды алып, онда берілген сөздерді қанша тіл білсе, сонша тілде айтады.
1 - топ – воскресенье, утро, город, независимый.
пятница, день, улица, народ.
2 - топ – среда, вечер, проспект, Родина.
понедельник, ночь, центр, государство.
5 - кезең: «Капитандар сайысы» (слайд)

2 - жүргізуші: - Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Олар 3 минут ішінде берілген сөз тіркесінен бірнеше сөйлемдер құрастыруы керек:
«Тұлпарлар» тобы – қазақ тілі
«Көгершіндер» тобы – орыс тілі
6 - кезең: «Мақал - мәтелдер» (слайд)
1 - жүргізуші: - Бұл кезеңде сайыскерлер берілген тақырып бойынша көп мақал - мәтелдер айтуы керек.
1 - топ – «Отан», «Еңбек».
2 - топ - «Білім», «Тіл».
2 - жүргізуші: - Осымен, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтасын.
7 – кезең: Мақалды толықтыр.
«Тұлпарлар» тобына берілетін тапсырмалар:
Халықтың ортақ үйі -....

Көп сөз -....
Аз сөз -....
Керекті сөздер: күміс, Отан, алтын.
«Көгершіндер» тобына берілетін тапсырмалар:
Көз.... Ақыл....
Қол.... Білім....
Керекті сөздер: батыр, қорқақ. тозбайды, азбайды.

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ;
Тілден терең теңіз жоқ. (слайд)
деп, айтқан атамыз Ғ. Мүсірепов. Тілімізді әрқашанда қадірлейік, мерейін әрқашанда көтерейік. деген сөздермен сайысымызды аяқтаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама