Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тіл - ұлттың жаны
Сабақтың мақсаты: білімділік - мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілімізге деген сүйіспеншілігімізді тудыру; дамытушылық - оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру; тәрбиелік - елін, дерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
"Тіл - ұлттың жаны".
"Қазақтың тілі сұлу, қонымды да толымды тіл". (В. В. Радлов)
Сабақтың эпиграфы: "Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады".
Түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Тіл дамыту.

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе.
- Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. ҚР - ның Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар ҚР - ның Ата Заңы - Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол - әрине, қазақ тілі. Сондықтан да ҚР - ның әр азаматының парызы - тілді білу, құрметтеу.
Тіл қай халықта болмасын қастерлі. Бүгінгі біздің сабағымыз - ерекше сабақ. Ол - қазақ тілінің білгірін анықтау.
Яғни, бүгінгі сабақтың тақырыбы - тіл сайысы. "Тіл ұлттың жаны" деп аталады. Ойыншылар, сіздерге сәт сапар тілеймін!
Сайыс болғаннан кейін оның жеңімпазы да болады. Бізге соны анықтап беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

2. Сайыстың ережесі:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бір - бірін тыңдау.
3. Ойын қысылмай айту.
Сайыс 6 турдан тұрады.

Әр ойыншының қолына 1 - ден 8 - ге дейін нөмірленген кәртішке беріледі. Қай ойыншы кәртішкесін бұрын көрсетсе, сол жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Екі турдан кейін ең төмен ұпай алған оқушы ойыннан шығады. Ендеше, қазір әр ойыншы өзін таныстырып өтсін.

І тур - "Бәйге".
1. Қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны. кім? (Абай Құнанбайұлы).
2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
3. Қазақ тілінде зат есімнің септелу жолдары нешеу? (2).
4."Закон сингармонизма" сөзінің аудармасы қандай? (Үндестік заңы).
5. А. Иассауи кесенесі қай қалада? (Түркістан).
6. (Подлежащее) сөзінің аудармасы қандай? (Бастауыш).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама