Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тіл ұстарту
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру; дамытушылық - сөйлеу мәдениеті мен ойлау әрекетін дамыту; тәрбиелік - ұйымшылдыққа, өз тілін құрметтеуге адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1 Оқушылар тілдің құдіреттілігін таниды.
2 Ойлау әрекеттері мен есте сақтау қабілеті және сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сын тұрғыдан ойлана алады.
3 Бірлесе ұжымдық жұмыс жасауға ықпалдасады.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, стикерлер.
Түрі: Жеті ата ауылына саяхат.
Әдісі: Сын тұрғыдан ойлау, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Амандасу. «Ата» ауылы
1 Сыныпты түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөліп орналастыру.
2 Танысу.»Сырлы есім» сын есімді тіркестіру арқылы бір - бірімен танысу.
3 Топтық ереже құру
II «Әке» ауылы: Жаңа сабақ:
«Тіл - халықтың алтын көпірі»
Плакатпен әр топ пастер арқылы өз ойларын айтып қорғайды

Ұлтымыздың белгісі
Ата - бабамыздан қалған мұра ана тіліміз
Қарым - қатынас құралы

III «Бала»ауылы: Семантикалық картамен жұмыс жасау
Мысалдар Жұрнақ жалғану жолымен жасалған туынды сөздер Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
Үлкен - кіші
Үштөбе
Темір жол
Малшы

IV «Немере»ауылы 1. Тапсырма: Өлеңді жатқа жазу
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қ. Мырза Әлі
2. Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
«Ана тілің – арың бұл...»эссе жазу

V. «Шөбере»ауылы
I топ. Сөзжұмбақ құрастыру
II топ. Ребус құрастыру
III топ. Адасқан әріптерді орналастыру

VI «Шөпшек» ауылы
Жұптық жұмыс: Көп сөз -..., аз сөз -...
Тіспен түйгенді...
Сөз -..., жақсыны да, жаманды да жасай алады
Ой қаруы -..., тіл қаруы -...
Жақсы сөз -...

VII «Немене»ауылы
1. Рефлексия «Бүгінгі сабақтан не түйдік?»
2. Топтық бағалау.
Үйге тапсырма: «Тіл - халықтың алтын көпірі» шығарма жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама