Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тіл ұстарту сабағы «Дыбыстар әлемі»
5 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту сабағы «Дыбыстар әлемі»
Сабақтың мақсаты:
білімділік - фонетикадан өтілгендерді қайталау, қалай меңгергендерін бақылау, оқушылардың дұрыс сөйлей білуге, сауатты жаза білуге іздендіру
дамытушылық - дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру, фонологиялық талдауды меңгертуді дамыту
тәрбиелілік - оқушыларды ұлттық салт - дәстүрлерді сақтауға, орынды қолдануға, сөйлем талдауға, бір - бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа, ана тілін қадірлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жарыс сабағы
Әдісі: сұрақ - жауап, ой бөлісі, талдау
Көрнекілігі: слайдтар, бағалау жетондары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 - топ «Дауыстылар» 2 - топ «Дауыссыздар»
Бүгінгі сабағымыз «Дыбыстар әлемі» деп аталады.

ІІ. Топ басшыларының таныстыруы
1 - топ
Біз дауысты дыбыспыз,
12 әріптен құралған.
Сөз буыны боп тұрмыз,
Дара да, топ та тұра алған.
2 - топ
Біз дауыссыз дыбыспыз
Жиырма алты дыбыстан тұрамыз
Өзіміз үшке бөлініп,
Әр түрлі сөз құрамыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы
Ой шақыру. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс не үшін қажет?
Дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі - сөйлем - мәтін
2 – топ өздері туралы мәтін айтады.

ІҮ. Әр топ өздерінің алғашқы дыбысынан басталатын сөйлемдер айтады.
«Бірдей дыбысты сөйлемдер»
1 - топ: Айнұрдың анасының аты - Алмагүл.
Айдардың атасы Астанаға асығыс аттанды.
Ермек, Ержан екеуі еріншек елінен емес.
Ұлар ұясынан ұшты.
2 - топ: Таудың табиғатын төртеуміз тамашаладық. Біз бақытты баламыз. Кеше кешкісін Көркем көлеңкеге көйлекшең келді.

Ү. «Кім жылдам?» ойыны
1 - топ
1. Сыныптағы есімі ұяң дауыссыздан басталатын ұлдардың есімін ата.
2. Қатаң дауыссыздан басталатын бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.
3. А дыбысынан басталатын қала аттары.
2 - топ
1. Сыныптағы қыздардың есімі қандай дыбыстан басталады?
2. Бірдей дыбыстан басталып, бірдей дыбысқа аяқталатын сөздерді ата(қызық, қалақ, нан, нән, шаш, тат, қақ, ана, ара, ата, ене, есе т. б)
3. Қатаң дауыссыздан басталатын ұлттық ойындарды ата (тоғызқұмалақ, көкпар, ханталапай).

ҮІ. Мақал - мәтел жарысы.
2 топ мақал – мәтел айтып жарысады. Сол мақалдың ішінен 1 сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру.
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама