Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тынық мұхиты
География 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тынық мұхиты

Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты: 1. Тынық мұхитының географиялық орны, басты ерекшеліктері туралы білімі мен түсінуін анықтау.
2. Тынық мұхит табанының жер қыртысының өте күрделілігін оқып үйрену.
3. Кескін карта және атласпен жұмыс дағдыларын анықтау, бағалау.
Күтілетін нәтиже: - Тынық мұхитының географиялық орны мен табиғатындағы басты ерекшеліктермен танысады.
- Тынық мұхитындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін біледі.
- Мұхит жағалауындағы ірі аралдар мен түбектерді, ірі қазан шұңқырларды анықтап, кескін картаға түсіруге қабілетті болады.
Негізгі идеялар: - Тынық мұхитының ауданы 178, 6 млн. км. кв. Оның айдынына жер шарындағы барлық материктерді сыйдыруға болады.
- Мұхит суының көлемі 710 млн. км. куб.- қа тең. Бұл дүниежүзілік мұхит суының 53% құрайды.
- Тынық мұхитында дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі – Мариан шұңғымасы (11022 м.) орналасқан.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Әлемнің қызықтары мен құпияларын зерттейтін география сабағына хош келдіңіздер! (Оқушылардың көңіл - күйлерін сұрай отырып, түгелдеу.)
ІІ. Проблемалық сұрақтар.
1. Материктерді жер көлеміне қарай атаңдар.
2. Қай материкте тұрғың келеді?
3. Әрбір материктің ерекшелігін атаңдар.
4. Біз қай материкте өмір сүреміз? (Евразия)
- Евразия материгінің солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиты суы шайып жатыр. Қалған бөлігінде материкті қандай мұхит сулары қоршаған?
- Тынық мұхиты, Үнді мұхиты, Атлант мұхиты
(Оқушылар рет - ретімен кіріспеде алған білімдеріне сүйене отырып атап шығады.
Осылайша оқушыларды мұхит атауларымен 3 топқа бөліп аламын. Әр топ мүшелері рольдерге бөлініп алады.)
1. Көшбасшы (лидер)
2. Баяндамашы (репортер)
3. Хатшы
4. Уақыт сақшысы
5. Бақылаушы (Бірнеше оқушы алуға болады)

ІІІ. Жаңа сабақ
Жұптық жұмыс (Екі оқушы мәтінді бір - біріне түсіндіреді. Топ арасынан бір оқушы шығып, тақырыпты қорғайды)
1 топ. Тынық мұхитының зерттелуі.
2 топ. Тынық мұхитының географиялық орны.
3 топ. Тынық мұхитының табиғаты.
Топты бағалау парағына топ өзін - өздері бағалайды. Баға қою себебін көрсетеді. Мұғалім өз парағына бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама