Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 1
Тақырыбы: КІРІСПЕ
§1. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Сабақтың мақсаты: «Биология» ғылымының негізгі заңдылықтарын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларымен танысып, бар ынта жігерін сабаққа аудару.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Проблемалық сұрақтар беру: Тірі ағзаларға қандай ағзалар жатады? Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?
Жоспар:
1. Тірі ағзаларға тән қасиеттер
2. Олардың маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.

Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір - біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір - бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады. Әрбір жасушадағы цитоплазма жаңа заттарды өзіне сіңіріп, оны түрлі химиялық өзгерістерге ұшыратады, жаңа цитоплазма түзеді. Ол нәруыз, май, көмірсулардың ірі молекулаларындағы потенциалдық энергияны жылу энергиясына айналдырып, үздіксіз өзгертіп отырады. Энергияның жұмсалуы тірі ағзалардың ерекшелігін білдіреді. Ағзалардың түріне байланысты цитоплазмадағы алмасу жылдам немесе керісінше баяу жүретінін байқауға болады.
«Зат алмасу – ағзаның айналадағы ортамен қарым - қатынас жасауы, оның нәтижесінде, біріншіден ағза өз тіршілігіне қажетті заттар алады». Олар қандай заттар? Ағза айналадағы ортадан қорек, ауадан оттегін алады. «Қорек пен оттегі(ауа) ағзаны энергиямен қамтамасыз ететінін білесіңдер ме? Қоректегі энергия оттегінің әсерінен астың қорытылуы кезінде босап шығады да ағзаның үздіксіз жұмыс істеуіне жұмсалып жатады». Екіншіден, ағза өз денесінде түзіліп жатқан қалдық қажетсіз заттарды сыртқа – айналадағы ортаға шығарады, яғни ол заттардан тазарады. Міне, осылайша ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп жатады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама