Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Тістің құрылысы және гигиенасы
8 - сынып
Тістің құрылысы және гигиенасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның тіршілік әрекетіндегі тістің атқаратын қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру
Дамытушылық: Тістің құрылысын, қызметі мен тістің дамуы жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу, гигиеналық тәрбие беру
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Әңгіме, тірек - сызбамен жұмыс,
Көрнекілігі: сызбалар, слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімдерін тексеру

Сұрақтарға ауызша жауап беру.
а) Асқорыту мүшесіне жататын мүшелерді ата?
ә) Ауыз қуысының құрылысы қандай?
б) Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы қандай?
в) Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
г) Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?
д) Тоқ ішектің құрылысы қандай? Ол қандай
бөлімдерден тұрады?
2. Ас қорыту мүшелерін тауып, ретімен орналастырыңыздар
(сурет)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тістің құрылысы және гигиенасы. Тіс эволюциясы. 6 - 9 айда тістің шыға бастауы, 2 жаста
20 сүт тістер толық шығады. Бұл тістерді сүт тістер деп атайды. 6 - 7 жаста тұрақты тістер қалыптасады, 20 - 22 жаста ақыл тіс шығуы мүмкін.

Тістің құрылысы
↓-----------↓---------↓
Сауыты Мойны Түбірі

Тіс гигиенасы
*Тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалау.
*Үнемі тісті кем дегенде 2 минут, құрамында фторы бар тіс сықпасымен тазарту.
*Тіс щеткасын үш айда бір рет ауыстырып тұру керек.
*Тамақтан соң әр уақытта тісті шайып тұру керек.
*Жылына 2 рет тіс дәрігеріне көріну керек.
*Тамаққа қатты өнімдерді пайдаланбау керек.
*Тіс щеткасы қатаң түрде әр адамда жеке болуы керек.
* Қант, конфет, тәтті тоқаш тағамдарын азырақ пайдаланған жөн

Үйге тапсырма. §43 оқу М. Әлімбаевтың «апыл ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» деген нақыл
сөзінің мағынасын тауып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама