Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар
Қазақ тілі, 8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар
Мақсаты:
1) Оқушыларға толықтауыштың анықтамасын, жасалу жолдарын, сөйлем ішінде таба білу қабілеттіліктерін, алған білімдерін нығайту;
2) Ойлау, есте сақтау мен қатар жан - жақты сұрақтар қою арқылы ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту;
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, постер, маркерлер, смайликтар, бағалау парақтары т. б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жаттығу - талдау жұмыстары.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу: оқушылар арнайы карточкалар арқылы төрт топқа бөлінеді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыптарды қайталау.
Сөзжұмбақ түрінде әр топқа бірнеше сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру және жаңа тықырпқа көшу:

Т Ұ Р Л А У Л Ы
И Н Т О Н А Ц И Я
К Ү Р Д Е Л І
Б А Я Н Д А У Ы Ш
Қ И М Ы Л
Е Т І С Т І К
Д А Р А
Б А С Т А У Ы Ш
Т Ұ Р Л А У С Ы З
С Ы З Ы Қ Ш А

Сұрақтар:
1) Бастауыш пен баяндауышты басқаша қандай сөйлем мүшелері дейміз?
2) Сөйлемнің төрт белгісінің бірі. Сөйлемде не болады?
3) Екі немесе одан да көп сөзден құралған сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
4) «Не істеді?», «Не қылды?», «Қайтты?» т. с. с. сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі қандай?
5) Баяндауыш заттың, адамның несін білдіреді?
6) Баяндауыш көбінесе қандай сөз табынан жасалады?
7) Бір ғана сөзден құралатын сөйлем мүшелері қалай аталады?
8) Іс - әрекет иесін, негізгі объектіні білдіріп, «кім?», «не?», «кімдер?», «нелер?» деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі?
9) Сөйлемде болуы міндетті емес сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
10) Бастауыш пен баяндауыш бір сөз табынан болса, екеуінің арасына қандай тыныс белгісі қойлады?

ІІІ. «Ой шақыру».
- Балалар толықтауыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Оқушылардың жауаптары.
- Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
- Толықтауыш тұрлаулы сөйлемнің қатарына жатпайды.
- Толықтауышты есте сақтау оңай. Өйткені ол септіктердің сұрақтарына жауап береді.
- Күнделікті сөз қолданыста көп пайдаланамыз.
- Мақал – мәтелдерде жиі кездеседі.
Проблемалық сұрақтардан кейін бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын анықтап тақырыпқа сай қандай мақсат қоятындықтарын сұрау. Соңынан өзімнің мақсатыммен салыстыру.

III. Жаңа сабақ. Толықтауыш
Оқушылар кітаптағы ережені оқиды: Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал - әрекетті, іс - оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз. Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі. Мысалы: Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

Толықтауыш құрамына қарай:
Толықтауыш дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді.
1. Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз. Жақсыны арман аздырар, жаманды құлқын тоздырар.
2. Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз. Ата - анаңа адал қызмет ет.
3. Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш деп атаймыз. Жасау дегеннен көз тұнады.
Мұғалім: Асанбаева Елдана Бақытқызы
Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама