Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Томирис. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қазақ тарихындағы әйелдер
Томирис
Әлемге әйгілі 10 әйелдің арасында сақ патшайымы Томиристің аты аталады. Томирис б. з. б. VI ғасырға дейін өмір сүрген (б. д. д. 570 - 520 жж). Ол атақты скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тараған. Тарихшылардың көрсетуінде, ол Тұран патшасы Афрасиабтың (б. з. д. 534 жылы қаза тапқан) қызы. Тарихшылар оның әкесі өлгеннен кейін таққа отырғандығын айтады.

Томирис – Орта Азия мен Қазақстан түркілерінің арғы тегі болып саналатын сақтардың аты аңызға айналған патшасы. Көрікті де ақылы, ат үстінде ойнаған жауынгер әйел өзінің күйеуі дүниеден қайтқан соң, патшалықты билейді. Томирис есімі аталғанда парсы патшасы Кирдің есімі қоса аталады. Себебі маңайын түгел жаулап алуды мақсат еткен. Кирдің көзі сақ даласына да түсіп, оның байлығын иемденгісі келген. Күйеуі қайтыс болғанын пайдаланып, Томириске құдалыққа кісі жібереді. Алайда сұңғыла патшайым оның өзіне емес, сақ тайпасының жеріне қызығып отырғанын біліп, бірден бас тартады. Бұл қулығы жүзеге аспаған Кир мақсатына қол жеткізу үшін Тұмар патшаның он алтыдан асқан ұлы Спаргапты (Спаргапсис) қолға түсіреді. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, Тұмар Кирге былай деп сәлем айтады: «Сен менің тұтқындағы ұлымды қайтар да, аман - сауыңда еліңе кет». Бұл айтқанымды тыңдамасаң, қанға тоймас басыңды қанға тұншықтырамын!» Алайда Кир оның баласын босату жайлы ойланбайды да, өзінің шайқасатынын айтып, Томиристің жаушысын кері қайтарады. Кирдің жібермейтініне көзі жеткен тұтқындағы жас жігіт өзіне - өзі қол жұмсайды. Баласының қазасы патшаны қатты есеңгіретіп, зар еңірейді. Ыза буып, кек қысқан Томирис өз әкесін сол арада соғысқа жұмылдырып, ата - бабадан қалған ұлан байтақ жерді жауға таптатпауға, қанға - қан алуға шешім қабылдайды. Томирис өз әкесін сол арада соғысқа жұмылдырып, ата - бабадан қалған ұлан байтақ жерді жауға таптатпауға, қанға - қан алуға шешім қабылдайды. Томиристің ұлының қазасына бүкіл сақ тайпасы күңіреніп, бір кісідей атқа қонады. Тіпті қыз - келіншектер де жаппай соғысқа қатысқан деген мәлімет бар. Бұлар парсы жұртын қырғынға ұшыратып, жеңіске жетті. Аңыз бойынша, Томирис ханым: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ», - деп Кирдің басын шауып алып, жансыз басты жиіркене ұстай тұрып: «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!», - деп, қан толтырылған сабаға тығыпты да, өзенге лақтырып жіберіпті делінеді. Бұл оқиғадан кейін сақтың басқа жаулары одан аяқтарын тарта жүрген деседі.

Тойымсыз Кирді жеңген сақтың қызы Томирис патша есімі тарихта осылайша қалыпты. Бұл оқиғаны сол заманда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот «Тарих» атты кітабында жазып кеткен екен. «Тұмар патша туралы қисса» да бар. Бұл қисса да жоғарыдағы оқиғаның ізімен жазылған. Тұрсын Жұртбаевтың «Дулыға» атты көркем - танымдық кітабында Томирис жайлы айтылған.

Томирис есімі 2005 жылы шыққа «Жүз тұңғыш» атты кітапқа енген. Бұнда «Сақтан тараған массагет тайпасының тұңғыш әйел патшасы. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш әйел қолбасы делінген.

Кейбір қазақ зерттеушілерінің жазбаларында Томиристің есімі түрліше аталады. Тамаша, Томырыс, Тұмар т. б. Жаңағы «Жүз тұңғыш» атты кітапта зерттеушілер Томирис есімін бұлайша атауға қарсы екендіктерін айтады. «Қазақ тарихшылары Томиристі Тұмар деп жүр. Қазіргі белгілі деректер бойынша, оның дұрыс - бұрыстығына көз жеткізу мүмкін емес. Алайда сақ жұрты оны дәл гректерше Томирис деп атамағаны айдан анық. Ертедегі эллиндіктер Анарыс (Арыс) бабамызды Анахарсис, Тоқсарыны Токсарид деп, одан арғы бабаларымызды Тарғытай, Ишпақай деп атаған». Бәрінде де сөз соңында – ис, - сис қосымшасы орынсыз қоспаған, тек есімнің соңында «с» дыбысы барларға ғана қосқан. Демек Томиристі Тұмар деп атау бұл тәртіпке үйлеспейді. Ол өзі «марқұм болған патшаның әйелі» ғой. Патша әйелді, сөз жоқ, әйгілі, текті тұқымнан алса керек. Біздің жорамалымызша, оның аты Томирис немесе Тұмарыс болуы және ол Арыс бабамыздың қарындасы болуы, сондықтан атын Тума+Арыс деп қоюы, бәлкім, бұл оның лақап аты да болуы мүмкін. деген жорамал айтады.

2008 жылы Астан қаласында «Жер - ана» монументі ашылғаны белгілі. Оның сақ ханшайымы Томиристің алып бұқаның үстінде тұрған сәті кескінделген. Он метрлік алып бұқа өте ірі тұғырда орналасқан. Бұқаның мүйізі жеті метр деп көрсетіледі. Томирис патша қолын кеңге жайған тәрізді. Мүсіндік композиция шығыстағы көне ескерткіштер стиліне келеді. монументтің авторы – танымал Ресей мүсіншісі, суретші әрі зергер Даши Намдаков. Ол өз туындыларын көшпенділер, батырлар мен салт аттылар, сакральды бейнелер, ғажайып әйелдер, буряттардың тайпа көсемдері, тотемдік жануарлар мен мифологиялық тіршілік иелерімен байланыстыра бейнелейді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама