Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Төрт түлік
Сыныбы: 4
қазақ тілі (орыс мектебінде) Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: үй жануарлары, олардын төлдері туралы мәлімет беру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйренеді. Дамытушылық: тіл дамыту: ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық.
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
Орнымыға отырайық.
Сабақ бастар кез боп тұр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6 - тапсырма. Жануарлар.
1 Ең ірі жануар – көк кит.
2 Ең ауыр салмақты жануар – піл.
3 Ең биік жануар – керік.
4 Ең жүйрік аң – гепард.
5 Ең үлкен құс – африкалық түйеқұс.
6 Ең ірі қоңыз – дровосек.
7 Ең ірі көбелек – агриппина.

IIІ. Жаңа сабақ. Төрт түлік.
Фонетикалық жаттығу:
- Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
- Ал енді мына метаграммаларды шешейік:
Егер «И»- ден бастасаң,
Хайуанаттың бірімін.
«И»- ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін. (Ит - Т)
Бастапқы әрпі «Қ» болатын, Моп - момақан бір малмын. (Қой)
- Осы метаграмманы шеше отырып, не байқадыңдар?
(Үй жануарын)
- Жақсы, осы сөздерде қазақ тілінің төл дыбыстары бар ма?
-«Қ»- қатаң дауыссыз дыбыс.
- Енді құрамында осы дыбыстар бар төрт түлік малдың төлдерін атайық
- Қозы, лақ, құлын. - Бүгінгі жаңа сабақ не жайында болды?
Төрт түлікке нелер жатады білесіңдер ме? Төрт түлікке үй жануарлары. Жылқы, қой, сиыр, түйе, ешкі жатады. Слайд көрсетіледі. Тапсырмалармен жұмыс. Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдер көп. 1 - тапсырма Мақал – мәтелді түсініп оқып, көшіріп жаз.
1. Түйе атасы – нар.
2. Ат – адамның қанаты.
3. Мал бақсаң – сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
4. Мал өсірсең – қой өсір, Өнімі оның көл көсір.
5. Нар жолында жүк қалмас.
Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.
2 - тапсырма. І - топ Мәтінді оқып, аударамыз. Шөл даланың ыстығына тек түйе шыдайды. Оның жалпақ табаны құмға батпайды. Табанынан ыстық та, суық та өтпейді. Түйе екі - үш центнер жүк көтереді. Түйе 40 - 50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей – ақ жүріп өтеді. Түйе шөлде өсетін ащы, тікен шөптерді жейді. Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе 200 литр су ішеді. 3 - тапсырма. ІІ - топ. Диалогты оқып, аударамыз. 2. Тақтамен жұмыс. Жазбаша
1 - топ: «Түйе» сөзін септе. Фонетикалық талдау жаса.
2 - топ: «Жылқы» сөзін септе. Фонетикалық талдау жаса.
Семантикалық карта арқылы.

ІҮ. Сергіту сәті.
4. «Шатақ ойын?» ойыны Малдардың төлдерін тап.
Жылқының құлыны бар
Қойдың қозысы бар.
Түйенің ботасы бар.
Ешкінің лағы бар. Сиырдың бұзауы бар.

Ү. Yйге тапсырма беру: І - топ. Мақалды жаттау ІІ - топ. 5 - тапсырма жаттау. 186б
ҮІ. Сабақты бекіту: 4 - тапсырма. Сандарды сөйлет. Тақтаға сандар ілінеді. Сол бойынша жауап береді. І - топ. 45, 200 санына, ІІ - топ. 40 - 50, 2 - 3 сандарына жауап береді. 45 күнге дейін су ішпей жүре алады.
Түйе 200 литр су ішеді.
Түйе 40 - 50 шақырым жолды су ішпей, шөп жемей – ақ жүріп өтеді.
Түйе 2 - 3 центнер жүк көтере алады.
- Балалар, яғни, төрт түлік мал адам үшін ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім, мінсе көлік. Бүгін сабақта қандай үй жануарлары бар, олардың қандай пайдасы бар және солар туралы мақалдар, өлеңдер бар екенін білдік. Тапсырмаларын қорытындылап, жұлдызшаларына байланысты қай топ жеңгенін айтып, бағалаймын.
Рефлексия. «Бесбармақ» әдісі бойынша рефлексия жүргізіледі. Тақырыпты жақсы ұнаса, бармақты жоғары, орташа ұнаса бармақты көлденең, ұнамаса бармақты төмен түсіреді.
YІІ. Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама