Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Тақырыбы: Төртбұрыштар тарауын қайталау
Мақсаты: 1) Төртбұрыштар тарауын қайталауға есептер шығару, білімдерін жүйелеу;
2) Төртбұрыштар анықтамасын, қасиеттерін есептер шығаруда қолдану машығын дамыту;
3) Өз бетімен ізденіске, бір - біріне көмек көрсете білуге, ойын ашық айта білуге баулу;
Сабақ типі: білімді бекіту.
Сабақ түрі: білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы.
Әдісі: тәжірибелік, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер: плакаттар, фломастер, таратпалы карточкалар.
Қолданылатын стратегиялар: ой толғаныс, топтастыру, семантикалық карта.
Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.
Мағынаны ажырату.
Семантикалық картамен жұмыс.
Сабақты қорыту, білім бағалау.
Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 4 - 5 оқушыдан топқа бөліп, сабақтың құрылымы мен мазмұны туралы түсінік беру, кеспелі фигуралардан таңдап топ атауларын анықтау.
Мағынаны ажырату.
Тарау бойынша қайталау.
Плакатқа әр топ аттарына байланысты білетіндерін тірек - сызба түрінде жазып, топ басшысы қорғайды.
Топ аттары: тік төртбұрыш, параллелограмм, ромб, квадрат.

Есептер шығару
Әр топ 2 тапсырмадан алып, бір топ мүшесі тақтаға орындайды.
№1. Тік төртбұрыштың периметрі 36 см, ұзындығы 12 см болса, енін табыңыз.
№2. Параллелограмның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы одан 5 см артық, периметрін тап.
№3. Ромбының қабырғасы 15 см, периметрін табыңыз.
№4. Квадраттың периметрі 48 см, қабырғасын табыңыз.
№5. Тік төртбұрыштың АС лиагоналы 12 см, АО кесіндісі неге тең?
№6. Параллелограмның бір бұрышы 720 – қа тең, қалған бұрыштарын табыңдар.
№7. Ромбының екі бұрышының қосындысы 1240 – қа тең болса, онда бұрыштарын табыңыз.
№8. Квадраттың диагоналы 14 см, ал диагоналы қабырғасы болатын екінші квадраттың периметрін табыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама