Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
ТРЕНИНГ
Өмір, өмірдің мәні.
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
өмірге құштарлықтарын арттыру;
өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт - бағдар беру;
өмірден өз орнын табуды мақсат етуге үйрету.

Кіріспе:
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

I. Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдеседі де
М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтады.
Талдау сұрақтары:
1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Өмір, өмірдің мәні дегеніміз не?

2. Жаттығу. «Түймедейді түйедей ету».
Шарты:
Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?
3. «Ассоциация» жаттығуы»
Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация – бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз, ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не?...........”

4. Жаттығу. «Мен жалғыз емеспін».
“Екі бақа” туралы аңыз оқылады.
Шарты:
Оқушылар шеңбер (өмір) болып тұрады, ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру үшін күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады.
Әркім өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады.
Талдау сұрақтары:
1. Өмір күрестен тұрады – дегенді қалай түсінесің?
2. Мақсатқа қалай қол жеткізу керек?
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама