Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тренинг. Сабақтың сараланған нәтижелерін даярлау
17 - күн 1 - сабақ
1 - 2 - сабақтар
Тақырыбы: Сабақтың сараланған нәтижелерін даярлау. Оқушыға оқу нәтижесіне жетуге және « Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасының тақырыптарын ықпалдастыруға көмектесетін тапсырмалар жоспарлау.

Мақсаты: Мұғалімдер «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасын ескере отырып сабақты қалай жоспарлау керектігі туралы негізгі идеяларды тұжырымдайды.
- Білім беру бағдарламасында жазылған оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерді анықтау;
- Күтілетін нәтижеге қатысты әртүрлі топтағы оқушылар үшін нақты бағалау критерийлерін анықтау;
- Әртүрлі топтағы оқушыларға бағалау критерийлеріне жетуге мүмкіндік беретін жаттығуларды жоспарлау.
- Әр топтағы оқушыларды бағалау критерийлеріне қаншалықты жақсы жеткенін бағалау мүмкіндігі.

Оқу нәтижесі: Мұғалімдер барлық оқушылар қол жеткізетін, нақты өлшенетін нәтижелері бар сабақты жоспарлау тәсілдерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:
Мұғалімдер жаңа білім беру бағдарламасында берілгендей оқушылардың оқудағы нақты нәтижелерін анықтайды. Олар оқушылардың үш деңгейі мен іс қимыл жоспары бойынша бағалау критерийлерін анықтайтын болады, ол оқушыларға өз табыстарын көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір педагогикалық ұстанымдар мен бағдарламаның стратегиялары сабақ жоспарында көрсетіледі. Мұғалімдер оқытуды жандандыру және оқушыларды ынталандыру бойынша жаттығу әзірлеуге жұмылдырылатын болады, ол тапсырмалар нақты оқу нәтижелеріне бағытталады.

Тренинг. Сабақтың сараланған нәтижелерін даярлау. жүктеу
Тренинг. Сабақтың сараланған нәтижелерін даярлау. 1 жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама