Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тригонометрияның негізгі формулалар
Қызылорда қаласындағы аграрлық
техникалық колледжінің математика пәні оқытушысы
Амантайқызы Айгерім

Сабақтың тақырыбы: Тригонометрияның негізгі формулалар
Сабақтың білімділік мақсаты: Әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру, ой өрісін кеңейту. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып алған білімдерін жаңарту. Тригонометрияның шығу тарихымен таныстыру. Бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының мәнін табуға есептер шығару барысында үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жеке тұлғаның ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Меңгерген білімнің өмірге қажеттілігін түсіндіру. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, логикалық ойлауға, жүйелі жұмыс істеуге, өзінше еңбек етуге, өз - өзін бағала, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың типі: Іскерлік, білік дағдысына қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, репродуктивті, сұрақ - жауап, ой қозғау, миға шабуыл әдісі.
Технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. (ДСОТ), сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырма жазылған таратпалар, компьютер, тірек - схемалар, білімді бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, ой толғаныс.
Пәнаралық байланыс: Информатика мен математика, физика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Қызығушылықты ояту)
1. 1. Ұйымдастыру жұмыстары.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1. синустар тобы.
2. косинустар тобы
3. тангенстер тобы
Әр топтың өз топ басшылары бар.
Викториналық сұрақтар қою арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. (Миға шабуыл әдісі)
1. Сызғыштың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, оның неше бұрышы қалады? (5 бұрышы)
2. Сыныпта 24 оқушы бар. Олардың 18 - і қыз балалар. Қыздар барлық оқушылардың неше пайызын құрайды.? ( 75%)
3. Қандай 3 санның көбейтіндісі оның қосындысына тең? (1. 2. 3)
4. «Ноль» қай елдің сөзі. (5 ғасырда Үндістанда шықты)
5. Отырардан шыққан ұлы ойшыл данышпан ғалым математик кім? (Әл - Фараби
6. 100 санын бес бірмен, бес үшпен, бес беспен қалай жазуға болады?
(111 - 11═100. (33*3)+(3: 3)═100. (5*5*5)-(5*5)═100
в) Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасы бойынша оқушылар тақтаға есептер шығарады.
Үй тапсырмасын интерактивті тақтада «Домино» ойыны бойынша тексеріп шығамыз.

ә) «Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу
1 - топ
«Жұптасып сурет салу» стратегиясы
Логарифмдік функция

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама