Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Түбір мен қосымша
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. жұрнақ пен жалғауды бір - бірінен айыра алу;
2. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
3. Түбір мен қосымшаның шартты белгілері.
өнер - лі - жаңа мағына беріп тұр – (жұрнақ)
өнер - ге - сөзді байланыстырып тұр –(жалғау).

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

Сөз мағынасын түсіндір.
1. Түбір мен қосымшалы сөздерді салыстыру. Мағыналарының әртүрлі екенін аңғару.
2. Әр сөзге сұрақ қою арқылы мағынасын аңғарту.

Байланыстырып жаз.
1. Түбір мен қосымшалы сөздерді салыстыру.
2. Түбір мен қосымшалы сөздердің мағынасының өзгермегенін аңғарту.
Мектеп – мектебің. Байланыстырып тұрған қосымша – ің. Бұл – жалғау.

Сергіту сәті.
283 – жаттығу орындалады.
Мақалды жатқа жаз.
Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндір.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.

284 – жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Дос, іс, жұмыс.

285 – жаттығу.
Жұрнақты сөздер Жалғаулы сөздер

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ереже жаттау
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама