Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Түбір сөздің өзгеруі
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөздің өзгеруі.
Сабақтың мақсаты: 1) Сөз құрамын талдай отырып, түбір сөздің өзгеруін меңгеру;
2) Сауат ашу жұмыстары: көру - есту диктанты арқылы сауатты жазу, талдау жұмыстарын жалғастыру.
3) Салт - дәстүрді құрметтей білуге: қонақ күтуге, әдептілікке, мақал - мәтелдерді дұрыс қолдана білуге баулу жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, мақал - мәтелдер, диктант жинақтары, күй, цифрлар, ереже (плакатта), Венн диаграммасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, талдау.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Оқушыларды топқа бөлу.(Әр топ берілген тапсырма бойынша топтың атын құрастыру)
1 - топ. Сандарды өсу ретімен қойса, топтың аты шығады.(Түбір).
2 - топ. Сандарды кему ретімен қойса, топтың аты шығады.(Жұрнақ).
3 - топ. Тақ сандарды ретімен қойса, топтың аты шығады.(Жалғау).
б) «Мақал сөздің мәйегі»- қонақтарға арнау.
(Әр топтан бір баладан шығып, мақалдар айтысады)
І Сәлеметсіздер ме? «Көрген жерде ауыл бар», - деп біздің 3 «Е» сыныбына келіп қалдыңыздар ма?
ІІ «Алыстан алты жасар балар келсе, алпыстағы шал сәлем береді», - демекші, қалдарыңыз қалай?
ІІІ «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы», - дегендей, сыныбымыздың балалары сондай әдепті.
IV «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады», - деуші еді, төрге шығыңыздар.
V «Жат асына қарайды, дос басына қарайды», - деуші еді, аталарымыз, қысылмаңыздар.
VІ «Қонағың сыйласа төрге шық», - деуші еді, әжелеріміз, тыңдай отырыңыздар.
VІІ «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», - таныса отырайық.
VІІІ «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл»,- деген. Менің есімім - Сабина, қасымдағы құрбыларым - Бағжан мен Гаухар, және сыныптастарым.
ІХ «Ас – адамның арқауы», - деген, дәм тата отырыңыздар.
Х Рахмет, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын», - деген, рахмет!
ХІ «Досыңның асын – қасындай іш!», - демекші, Алла риза болсын!
ХІІ «Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым», - деген, ас ала отырыңыздар.
ХІІІ «Шын көңілмен берсе, қара су да бал татыр»,- деген.
ХІV Иә, «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам», - демекші, дос көп болғанға не жетсін!
ХV Халқымызда «Қонақ кәде», - деген болушы еді. Не білесіңдер, не үйрендіңдер, көрсете отырыңдар сыныптастарым.
Мұғалім: - Ендеше балалар, топ жарысына кіріселік, білгенімізді қонақтардан аямайық.
Үй тапсырмасын тексеру: «Қайталау – білім анасы»
а) Сөз қүрамын қайталау: - Түбір деген не?
- Қосымша деген не
- Қосымшаның неше түрі бар? Қандай?
- Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы қандай?
- Туынды сөз қалай жасалады?
б) Зеректілік диктанты: Слайдтан көрсету. Сөйлемдерді оқып, есте сақтап, жазып, талдау. Бағдаршаммен тексеру ( жасыл – дұрыс, қызыл – қате)
Жаңа сабақ: «Бәрін білгім келеді»
Түбір сөздің өзгеруін түсіндіру: Қатаң(к, қ, п) дыбыстарынан соң і, ы, у дыбыстары жалғанғанда к, қ, п ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады. Мысалы:
Слайд көрсету: Кимешек – кимешегі і, ы – түсіндіру
Қызғалдақ – қызғалдағы
Төк – төгу у – түсіндіру
Сеп – себу
Ереже: Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: доп – добы, сеп – сеуіп. халық – халқы.
Сергіту сәті: «Желсіз түнде жарық ай»( Қимылын көрсете орындау)
Жаттығу жұмыстары: 271 - жаттығу – тақтаға орындалады
(ы, і әріптерін жалғап жазу өзгерген әріптердің астын бір, жалғаудың астын екі рет сызу)
І топ – астық, қонақ, бөбек, өрнек.
ІІ топ – құрақ, бұлақ, көлік, білек.
ІІІ топ – жүрек, жарық, одақ, терек.
272 – жаттығу - өздік жұмыс. (қарамен жазылған сөздің түбірін табу)
Оқулықпен жұмыс: Ережені оқып, жаттау.
Қорыту: Венн диаграммасын құру
-- Ы, І, У әріптерін жалғағанда түбір сөз қалай өзгереді? Мысалдар айтыңдар.
Үйге тапсырма: 274 – жаттығу. Түбір сөздің өзгеруі – ережені жаттау
Бағалау: - Әр топтың жұмысын мадақтап, ескертулер айтып, балаларға баға қою.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама