Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары Туған жердің сұлулығын          суреттейтін композитор музыкалары
Шалқар ауданы №8 жалпы орта білім
беретін мектеп мұғалімі Курманбекова Гулден Жумабеккызы

Сабақтың тақырыбы: Туған жердің сұлулығын суреттейтін композитор музыкалары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіру. Музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

Ә) Дамытушылық: Музыкалық шығармалардың мазмұнын эмоциялық сезінуге тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту. Оқушыларды басқа халықтардың мәдениетімен таныстыру. Әр ұлттың музыкалық шығармашылығындағы сұлулықты сезіне білуге баулу.

Б) Тәрбиелілік: Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде ұлттардың мәдениетіне құрметпен қарауға, олардың әсемдігі мен музыкалық мұраларын түсіне білуге үйрету. Егемендік алған жас мемлекет – Қазақстанның басқа елдермен ұлтаралық байланысы арқылы отансүйгіштікке, өзге ұлттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивтік,
сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Ой қозғау.
Дауыс жаттығулары
а) Сольфеджио (дирижерлау арқылы)
ә) Легато
б) Гамма

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілетін сұрақтар:
1. Қырғыз халқының музыкалары?
2. Қырғыз халқының аспаптары?
3. Біздің республикамызда қандай халықтар мекендейді?
4. Ұйғыр халқының музыкасы мен аспаптары?
5. Халықты халықпен байланыстыратын не? (достық, мәдениет, өнер)
6. Симфониялық поэма дегеніміз не?
7. Өзбек халқының музыкасы?
8. Симфониялық поэма жазған қандай Қазақстан композиторын білеміз? (Қапан Мусин «Жайлауда»)
9. Қазақ халық музыкасын өз шығармаларында пайдаланған қандай орыс композиторларын білесіңдер? (С. Рахманинов)
10. Қазақ халқының мол музыкалық мұрасын жинаған қандай музыка зерттеушісін білесіңдер? (А. Затаевич)

IV. Жаңа материалды меңгерту.

Тірі бәрі
(Б. Жақып )
Сурет көріп туған жер келбетінен,
Табиғат бесігінде тербетілем.
Жел жүгіріп барады су бетімен,
Су жүгіріп барады жер бетімен.
Қалықтайды ақша бұлт көкті қармап,
Тұрақ таппай қаңғырып кетті қаңбақ.
Ұшып жүріп әуеде неше айналып,
Дала төсін қыран құс өтті барлап.
Қайың, емен, тал, терек тың - тыңдайды,
Лағыл сәуле бұлақта жылтылдайды.
Бір сәт аспан алқасы – Алтын Күнді,
Кең дүниенің көзінше бұлт ұрлайды.
Жолаушылар – Табиғат, Адам, Уақыт,
Келеді жер ғаламды аралатып.
…Білдіргісі келгендей тірі екенін,
Тау да тасын қояды домалатып.
Ақ шуаққа қыраттар жылынады,
Жапырақтың жан сырын гүл ұғады.
…Қозғалыс бар үздіксіз, сондықтан да
Тіршіліктің бәрі ояу, тірі бәрі.

Өлеңге талдау жасау арқылы жаңа сабақты ашу.
Туған жердің сұлулығын суреттейтін композиторларға М. П. Мусоргский мен Э. Григті айтуымызға болады. Екі композитордың әндері мен өмірбаяндарымен таныстыру.

V. Жаңа материалды бекіту.
а) Дайындық (халықтық, композиторлық, кәсіби музыкалар);

1 - деңгей
Тыңдалатын әуен ---Ән--- Би--- Күй--- Марш
1.
2.
VI. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар Венн диаграммасының көмегімен қазақ және шетел композиторларының халқының халық әндерін, музыкаларын салыстыра отырып, ұқсастықтарын табады.

VII. Бағалау.
Оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын, сабаққа қатысуын ескере отырып бағалаймын.
VIII. Үй тапсырмасы.
Туған жердің сұлулығын зерттеген композитор музыкалары мен суреттеріне талдау жасау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама