Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Туған күнге қысқа тілектер

Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, баңы жансын.

*** *** *** ***

Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.

*** *** *** ***

Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.

*** *** *** ***

"Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың" демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.

*** *** *** ***

Қыдыр қонып, бақ дарысын.

*** *** *** ***

Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.

*** *** *** ***

Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.

*** *** *** ***

Өмірің нұрлы болсын,
Көңілің жырға толсын.

*** *** *** ***

Өмірде әттеген-ай деген аз болып, шіркін-ай, пай-пай дегеніміз басым болсын.

*** *** *** ***

Жарық та жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.

*** *** *** ***

Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.

*** *** *** ***

Еңсеміз тік, қадамымыз тік болсын.

*** *** *** ***

Ата-анаңның аяулысы бол,  
Алланың сүйкімдісі бол.

*** *** *** ***

Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.

*** *** *** ***

Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.

*** *** *** ***

Өміріңізде жеңісті күндеріңіз көп болсын.

*** *** *** ***

"Ағаш - тамырымен, адам - достарымен қымбат" деген, ендеше, достарың көп болсын.

*** *** *** ***

Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.

*** *** *** ***

Сезіміңе берік болған барлық армандарың орындалсын.
Келген күн жақсылығымен келіп, шуағына шомылдырсын.

*** *** *** ***

Көңіліңіз көктемнің шуақты күніндей болып, жылы жүзіңізден күлкі кетпесін.

*** *** *** ***

Өміріңіз мәнді, шаңырағыңыз сәнді болғай. Дастарханыңыздан дәм-тұзыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұлассын.

*** *** *** ***

"Бақыт деген досыңның - қабағында, жарынның - жанарында" дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама