Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Туған күнге сыйлық дайындаймын. Шырай түрлері
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған күнге сыйлық дайындаймын. Шырай түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: берілген тақырып аясында сұхбаттасу. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Сын есімнің шырай түрлерін меңгерту.
ә) Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын диалог арқылы қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру.
б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сұхбаттасу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, класстер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Сынып сабаққа дайын ба?
- Көңіл - күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Тапсырманы дерлік орындадық па?
- Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:
- Сендер туған күндеріңді тойлайсыңдар ма?
- Туған күндеріңде қандай сыйлықтар аласыңдар?
- Туған күнді тойлау қажет пе?

IY. Жаңа тақырып:
Грамматика. Сын есімнің шырайлары.
1. Жай шырай.
2. Салыстырмалы шырай.
3. Күшейтпелі шырай.
4. Асырмалы шырай.
Салыстырмалы шырай.
- лау/леу, - дау/деу, - тау/теу: қызыл+дау, қатты+лау, биік+теу…
- рақ/рек, - ырақ/ірек: жасыл+ырақ, үлкен+ірек, кіші+рек, күшті+рек…
Мына жер өткендегіден биіктеу. Ол саған қарағанда күштірек.
Күшейтпелі шырай.
Өте, тым, тіпті, аса, нағыз, ең+с. е. өте ауыр, ең сұлу, нағыз ер…
Күшейткіш буындар: қып - қызыл, үп - үлкен, ап - ауыр, жап - жасыл…
Тым қиын болды. Үп - үлкен бала еді ғой. Нағыз ер жігіттің ісі.

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
қуаныш - радость достар - друзья
ризашылық - благодарность құттықтау - поздравлять
көңілсіз - невеселый бауырмал - добрый

2. Мәтінмен жұмыс:
- берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу
- оқушыларға жекелеп, кезекпе - кезек оқытып шығу
- мәтінді аударту
Туған күн кешінде.
Айгүл жазғы демалысында атасы мен әжесінің ауылына барды. Ауылдағы ағасы мен жеңгесі қалаға жұмыстарымен жол жүріп кеткен еді. Ауылдағы бауыры Әлидің ертең туған күні, ал оның ата - анасы кеш келетін болды. Ертемен Айгүл бауырын туған күнімен құттықтады. Оның көңілсіз түрін көріп:
- Әли, туған күніңе достарыңды шақыр, мен сенің құрметіңе жақсы кеш
ұйымдастырамын - деді. Әли қуанғанынан әпкесінің бетінен сүйіп алды. Айгүл дүкеннен керекті азық - түлікті сатып алып келді. Ол тұшпара, құймақ және торт пісірді. Туған күн кешінің дастарханы да дайын болды. Кешке жиналған туыстар мен достар жақсы тілектер айтты, ән салып, би биледі, ойын ойнады. Кеш өте көңілді өтті. Атасы мен әжесі Айгүлдің бауырмалдығына сүйсініп, ризашылығын білдірді.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау.
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, оларды салыстырмалы және күшейтпелі шырай түрлеріне айналдыру.

V. Сергіту сәті:
Мәтін бойынша М. Шахановтың «Туған күн кешінде» әнін тыңдату.

VI. Бекіту:
- Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Қандай мәтін оқыдық?
- Сын есімнің қандай шырайлары бар?
- Салыстырмалы шырай қалай жасалады?
- Күшейтпелі шырай қалай жасалады?

YII. Бағалау.
YIII. Үйге тапсырма:
3 - тапсырма. Тиісті септік жалғауын қойып, көшіріп жазыңдар.
Жомарт сен туған күн кеші... сыйлық алдың ба? Гүлдерді үстел... ортасына қойыңдар. Қонақтар... сусын беріңдер. Сіз қонақ... жиі барасыз ба?
4 - тапсырма. Сөздерді жұптастырыңдар.
Салтанат орталықтар
Демалыс орталықтары
Сауда сарайлары
Зәулім үйлер
Мәдени орындары

IX. Рефлексия.
X. Сабақ соңы.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама