Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Туған өлкем
Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы: № 31
Сәуір айының 3 – аптасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Музыка
Топтама: «Менің Отаным»
Апта тақырыбы: «Туған өлкем, қандай көркем»
Тақырыбы: «Туған өлкем»
БМ: Балалармен Туған өлкесі туралы әңгімелесу.
ДМ: Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу.
ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, ән тыңдау, ән айту, сұрақ - жауап, ырғақты қимыл, қимылды ойын,
Билингвистік компонент: өлке - край
Көрнекілігі мен құралдары: Туған ауылымыздың суреттері, табиғаттарын бейнелейтін суреттер, слайд, үнтаспа.

Ынталандыру, сезімді ояту
Мотивациялық – қозғаушылық
Музыка залына көңілді әуенмен балаларды қарсы алу.
Балалар бүгін сабағымызға келген қонақтарымен, бір - бірімізбен амандасып алайық.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер - Ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым.
Достарымды көргенде қуана қарсы аламыз. Алақанды ұстасып жылулықты аламыз. Алақандарының жылуы арқылы балалар бір - біріне, қонақтарға, туған жеріне жақсы тілектер айтып жақсылықтар тілейді.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Нұржау ауылы, МКҚК "Гаухар" балабақшасында Саз жетекшісі
Нарешова Алтынай Жанбирбаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама