Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Туған қалам тарихы
Мақсаты: Балаларын туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл – күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, үлкендер еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен бірге дүние танымдарын кеңейту.
К. құралдар: Екібастұз туралы суреттер, кітаптар, шахтер киімі, көмір тас
Сөздік жұмыс: Туған қалам,
«Екібастұз Богатырь» көмір кені.
Сабақ барысы:
Армысың шапағатты күн – ана!
Армысың шапағатты Аспан – ана!
Құт дарытқан елімізге, жерімізге
Армысың мейрімді жер – ана!
Осы шапағатты күн - анамен, мейрімді жер - анадан бойымызға дарытқан мейірімізді жүрегіміздің жылуын бір - бірімізге, қонақтарға сыйлаймыз.
Біз доспыз, татумыз. Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.
Ал, балалар орынымызға отырайық. Бүгін біздің сабағымыз: «Менің қалам»
( Осы кезде Дымбілмес кіреді)
- Сәлеметсің бе Дымбілмес сен қандай жұмыспен келдің?
- Сәлеметсің бе? Мен ауылдан келдім.
Сіздердің қалаларын ұнады. Өте әдемі екен.
- Ал Дымбілмес сен білесің бе? Неге біздің қаламыз «екі – бас - тұз» деп аталған?
- Жоқ, білмейді екенмін.
- Ендеше сен отырып тыңда мен балаларға, қонақтарға бір аңыз айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде. Бір ауылда қойшы болыпты. Ол өте кедей адам екен. Сондықтан бір байдың қойларын бағып жүріпті. Күздің бір суық күні қойшы қатты тонады да от жақпақшы болады. Ол құрғақ ағаш бұтақтарын жинап бір жерге ұйып қояды. Бойы жылынған қойшы ұйықтап қалады. Таңертең оянса міне, қызық... Оты сөніп қалыпты. Бірақ жан – жағындағы тастар жанып жатыр екен.
- Балалар, ал тас жанама?
Қойшыда солай ойлайды. Не істерін білмейді.
Балалар, қойшыға көмектесейікші.
- Міне менің қолымда екі табиғи зат тұр. Мынау не? ( балалар ұстап көреді)
- Тас қандай? (қатты)
Егер оны соғып сындырсақ, тас сына ма?
- Ал мынау не деп ойлайсыңдар?
- Көмірдің түсі қандай?
- Балалар қайсысы отқа жанады деп ойлайсыңдар?
- Қайсысы адамға пайдалы?
- Ендеше қойшының жанған тасы не болып шықты?
- Қойшыда бұл тастардың жай тас емес екенің түсініп, сол жерді ұмытпау үшін белгі іздейді. Ол сол жерді аттың басымен бір жұмыр түзбен белгілейді. Содан бері сол жерге үлкен қала салынып, оны қалай атады деп ойлайсыңдар? «Екі – бас - тұз» қаласы яғни біздің қаламыз. Осы қаламыздың аталуына байланысты. Айжан бізге тақпақ айтып береді. Ел жиналып үлкен той жасапты. Екі бөлек бас сүйекке тұз байлап кен мекені «Екі – бас - тұз» деп атапты. Содан бастап біздің қаламызда көп көмір шығарыла бастады. Еліміздегі ең үлкен көмір кені де біздің қалада. Ол « Богатырь кеншісі» Міне мына суреті біздің мақтан ететін «Богатырь» көмір кеншісі
- Мынау, үйіліп жатқан не екен?
- Ал мынау сол көмірді қазатын «Роторлі эксковатор» Ол біздің қаламызда ғана бар.
- Ол өте үлкен. Мына вагондар оның жанында қандай болып көрініп тұр?
- Балалар вагондар ол жерде не үшін керек? Олар көмірді тиіп алып керекті жерлерге жеткізеді. Ол жерде еңбек ететін адамдарды « кеншілер» деп атайды. Осының бәрі еңбек.
- Балалар кім еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі.
Сергіту сәті.
Екі көзің не үшін керек
Жақсыларды көру үшін керек.
Екі қолың не үшін керек
Бір – біріне көмектесу үшін
Құлақтарын не үшін керек
Жақсыларды есту үшін
Аяқтарың не үшін керек
Алыс кетсең туған елге
Жету үшін керек.
Біздің қаламыз барлық елге, адамдарға өзінің көмірін сыйлайды, Жылуын сыйлайды. Адамдар қаламызды жақсы көріп, өздерінің әндерін жырларын біздің қаламызға арнаған.
«Екібастұз вальсін» тыңдайық.
Ал, біздің балалар өздері қаламызға арнап жаттаған өлеңдерін оқиды. Екібастұз ата жерім дарханым қоймасы да, құта сен арқаның сені сүйіп жетеміз бір арманға ел үмітін, ел сенімін артамыз. Туған қалам сенен қуат аламыз қияға қанат қағамыз.
Елге шырақ жағамыз.
Өзінен бақыт табамыз.
Сабақ қорыту.
Балалар, бүгін біз туған қаламыз туралы не білдік?
Қаламыз неге «Екібастұз» деп аталғанын енді білесіңдер ғой, иә.
Енді бәріміз орнымыздан тұрып қосылып айтайық. Қаламызға өз сезімімізді білдірейік.
Туған елім, сені сүйіп жетеміз.
Біз биікке
Қияға қанат қағамыз.
Елге шырақ болып жанамыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама