Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Сыныбы: 5 - 8 сыныптар
Тақырыбы: «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Мұғалім:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.

жүргізуші:
Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.
5 - сынып оқушылары:-------
6 - сынып оқушылары:--------
7 - сынып оқушылары:-----------
8 - сынып оқушылары:-------------

Жүргізуші:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Әділ - қазыларды сайлап алайық.
-------------------------------------------------
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
5 - сынып оқушысы ------------------------ Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік»
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

6 сынып оқушысы:------------------------- Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Ақыл - ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама