Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Қасқыр түлкіге:
- Сен жей ғой, достым,- депті.
Түлкі қылмаңдап:
- Менің аузым ораза ғой, достым, сен - ақ жей ғой, - депті.
Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде, мойнын қақпан қауып қалыпты да, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып, жеп қойыпты.
Сонда қасқыр:
- Ей, достым - ау, сенің аузың ораза емес пе еді? – депті.
Түлкі:
- Оразам сенің мойныңа түсті ғой, - деп зыта жөнеліпті.

Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама