- 15 қаң. 2016 00:00
- 303
Тунисте ежелде өмір сүрген алып қолтырауын табылды
Тунис шөлдерінің бірінде ғалымдар алып теңіз қолтырауының тасқа айналған қалдықтарын тапты. 10 метрлік жорғалаушы өз тұқымындағы ең алыбы болып отыр.
Тунисстік Татавин (Tataouine) қаласының аймағында қазба жұмыстарын Ұлттық георграфиялық қауымдастықтың қолдауымен Болоньи университетінің палеонтологтары жүргізді. Жұмыстарының нәтижесі Cretaceous Research журналында жарияланды. Табылған қалдықтар рептилияны Machimosaurus тегіне: юра дәуірінің алып теңіз қалтырауындарына жатқызуға негіз болды. Салмағы үш тонна, денесі он метр, ал басының салмағы 160 сантиметрді құрайтын бұл жорғалаушы өз тегінің ең алыбы болып отыр. Сондықтан да оған Machimosaurus rex («король») деген ат берілді. Олжаның жасы шамамен 130-150 миллионды құрайды.
Палеонтологиялық ашылым жасалған шөл дала бұрынғы заманда шағын мүйіс болған. Мұнда балықтар мен тасбақалар мекендеген, Machimosaurus rex соларды қорек еткен болу керек. Machimosaurus-тің басқа түрлері бұған дейін Швейцарияда, Францияда, Германия мен басқа еуропалық елдерде табылған. Палеонтологтардың пікірінше, Machimosaurus rex өз тұқымдастарынан өлшем жағынан ғана емес, жер бетінде мекендеген уақыты жағынан да асып түсті: юра дәуірінің «королі» дәуір аяқталғаннан кейін 25 млн жыл өмір сүрген.
Бұған қоса ежелгі теңіз қолтырауындары тұщы суды мекендейтін қолтырауындардан біршама кіші. Соңғыларының ішінде ең ірісі саркозуха (Sarcosuchus imperator) тұқымының өкілдері болып саналады. Ол шамамаен 110 миллион жыл бұрын өмір сүрген, салмағы 8 тонна, ұзындығы 12 метрді құраған және басының ұзындығы 180 см-ге тең.