Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тұрақты даму - Әлем болашағы!

Қазіргі таңда мемлекеттің дамуы үшін бірінші кезекте экономика мен экологияның бірлесе отырып, тұрақты дамуы маңызды рөл атқарады. Шынында да, алғаш рет экономиканы экологияның пайдасына қарай модернизациялау ХХ ғасырдың 70 жылдары айтыла бастады. Сол кезден бері, бүгінгі күнге дейін табиғи ресурстарды үнемді пайдалану өзекті мәселе болып келе жатыр. Баршамызға белгілі, егер де табыс көзі неғұрлым өскен сайын, соғұрлым әлемдегі экологиялық тұрақтылық төмендейді. Бүгінгі таңда қоршаған ортадағы адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыру болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне ешқандай өзіндік зардаптарын тигізбейтіндей даму бұл тұрақты даму деп саналады. БҰҰ-ның тұрақты даму базалық тұжырымы мемлекетіміздегі негізгі үш саланының басын біріктіреді. Олар:экономика, әлеумметтік және экология, осы үш сала бірлескен жағдай да ғана мемлекет тұрақты дами алады. Себебі, экономиканың қарыштап дамуы экологиялық шығындардың көбеюуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да, бұл екі саланы да тең дәрежеде ұстап қадағалауымыз керек. Экономикамызды жоғары көтереміз деп, экологиялық проблемаларымызды одан сайын көбейтіп алмайық!Ең алғаш Жасыл экономика идеясын Оңтүстік Корея қабылдады. Сол сәттен бастап, басты назарды энергетикаға, көліктің «жасыл» түрлеріне, қалдықтарды өңдеу технологияларына және экологиялық зерттеулерге бөліп келе жатыр. 2010 жылдың маусым айында Сеулде дамушы елдерге консультациялық көмек көрсету үшін жаһандық жасыл өсу институты (gggi) ғылыми-зерттеу орталығы пайда болды. Бүгінде GGGI-көптеген халықаралық ұйымдар мен институттардың серіктесі.

Институтқа қазіргі таңда 27 ел мүше енді. GGGI арқасында шамамен 2017 жылы осы мемлекеттерде «жасыл» экономиканы дамытуға инвестиция 524, 6 млн долларды құрады.

2011 жылдан бастап Кореяда жасыл төлем карталарының бірегей жүйесі жұмыс істеді. . Шындап келгенде, бізден әлдеқайда жерінің көлемі кішкентай, әрі табиғи байлықтары өте аз ел болса да, қазіргі таңда жасыл экономиканы дамытып алдыңғы қатарлы ел болып отыр. Біздің де елімізде дәл осылай жасыл экономиканы тұрақты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Дегенмен еліміздегі қалдықтарды толығымен қайта өңдеп, экономикалық тұрғыда табиғи байлықтарымызды үнемдемейінше, біз тұрақты дами алмаймыз. Сонымен қатар, экологиялық проблемаларымызды азайта алмаймыз!Сол себептен де, ең бірінші кезекте табиғи ресурстарымызды ысырыпқа жол бермей, үнемдеп ұтымды әрі тиімді  пайдаланайық!. . .

Кулбаева Айгерім Амангелдиевна-Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің аға оқытушысы!

Жаңабек Рамазан –Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мемлекеттік  және жергілікті басқару мамандығының 1-курс студенті!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама