Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Тұрақты тіркестер
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білім беру: Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.
Тәрбиелілік: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге үйрету. Оқушының жан дүниесіне әсер ететін адамгершілік қасиеттермен қоса шапшаңдыққа, іскерлікке итермелей отырып, күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының өз ана тілін жете меңгертіп, өзге тілді үйреніп, қадірлей білуге үйрету.

Міндеттері:
* Тұрақты тіркестер туралы теориялық білімді меңгеруі;
* Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді таба алады;
* Тұрақты тіркестерді жай сөз тіркесінен ажырата алуы және оны өмірде қолдана білуі;
* Жаттығу жұмыстарында тұрақты тіркесті ажырата біліп, оған талдау жасай білуі;
* Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркесті қолдануда орынды пайдалана алуы.
А өлшемі: Тұрақты тіркестер туралы ұғыну, түсіну;
В өлшемі: Мәтінмен жұмыс және мағынасын түсіне, ажыратып, талдай білу.
С өлшемі: Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркестерді дұрыс қолданып, сөйлем құрай білу.
Сабақтың формасы: жеке жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс барысы:
А деңгейі.
І тапсырма
1. 111 - жаттығу. Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
2. Орнымды тап. Адасты, тыңдамады, аяды, лезде, тез.
Көз жазып қалды -
Жаны ашыды -
Құлақ қойған жоқ -
Көзді ашып жұмғанша

3. Сәйкестендір
1) Қас пен көздің арасында -….. батыр
2) Ер жүрек -…… лезде, тез, жылдам
3) Тайға таңба басқандай -…. ерінді
4) Мойны жар бермеді -…. анық
5) Бармағын тістеу -… жолы болу
6) Тасы өрге домалау -... өкінді

В деңгейі
І тапсырма
1. 112 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтіннен тұрақты тіркесті табыңдар.
2. Сурет бойынша жұмыс ойын:
«Кім көп біледі?» Адамның портреті ілінеді. Адамның бет - әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тіркестерді айту.
І қатар бет, жүзі
ІІ қатар көз
ІІІ қатар мұрын, езу
3. 115 - жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркесті бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жаз. Өзара салыстырып, айырмашылығын айтыңдар.

С деңгейі
«Туған жерім» тақырыбында тұрақты тіркесті пайдалана отырып шағын шығарма жазу.

Үй тапсырмасы:
Тұрақты тіркестер тақырыбын оқып, ережесін жаттау.
113, 114 - жаттығуларды орындау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама