Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Түркі әлемінің ұлы ойшылы

Қазақ халқының тарихында ел басқарудағы ең негізгі адам баласына керек болған қасиеттерді, мінез-құлықты зерттеп өз еңбектерінде жазған атақты данышпан, ойшылдарымызды бірі, ғалым Жүсіп Хас Хажиб Баласағұниға биыл 1000 жыл толып отыр! Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни 1020 жылы Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласында дүниеге келген және ол жастайынан көптеген тілдер үйренуге, соның ішінде араб-парсы тілдерін, табиғаттану, математика ғылымдарын, астрономия, тарих ілімдерін үйренуіне әкесі ықпал еткен.Ғалымның өзі жайында бізге дейін толық мәліметтер келіп жетпеседе, оның жазған  «Құтты білік» дастаны  тек түркі әлемі ғылымында ғана емес, әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында ойып тұрып орын алары анық. «Құтты білік» дастаны Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арналған болып оған ғұламаға  «Ұлы Хас Хажиб» атақ беріледі.Дастан 6600 қос тармақтан, 72 тараудан тұрады және төрт биік ұғымға негізделген:әділеттілік, бақыт, ақыл, қанағат, яғни біріншісі мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы, екіншісі бақ-дәулет, құт береке, үшіншісі ақыл-парасат болуы, және сол арқылы елді басқару, төртінші қанағат-ынсап туралы. «Құтты білік»-мұсылман идеологиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын  түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек, әлем мәдениетіндегі таңғажайып құбылыс және дастанда қай заманда болсын барлық ғалымдарды толғандырып келген идеялардың, ізгі мұраттар мен ойлардың өзіндік ерекше көркем де, аса айшықты бейнеленуі-поэманың сарқылмас рухани қазына көзі екендігінің дәлелі. «Құтты білікте» оқу-білім, ғылым, әдептілік, ар-ұят, тәлім-тәрбие, мәдениетті суреттеу ғана емес бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік  бітімі қанық, рухани қазынамыздың негізі боларлық, сонымен бір қатарда елді билеу, саясат, мемлекетті басқару мен тәртібін, әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен үлкен уақытты қамтитын шығарма.Сонымен бірге дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң қызметін атқарған, яғни елді басқарып отқан хан-уәзірлерден бастап қатардағы диқандарға дейін қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары міндеттері қандай болу керектігін баяндап шығады. «Құтты біліктің» адамзатқа беретін  рухани байлықтары-мұрат, дін, этика, өнер, даналық және біз бұл шығарманы оқи отырып сол кездің өзінде белгілі дәрежеде тарихи-идеологиялық, психо-педагогикалық, әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік-эстетикалық танымның қалыптасқан мектебі болғанын білеміз.Түркі әдебиетінде ойып тұрып орын алған әдеби ескерткіш «Құтты білік» дастанын жазған Жүсіп Баласағұни туралы бізге дейін аз деректер жетіп келгенімен оның жазған еңбегі арқылы ғұламаның өмірі мен қызметі, шығарма жазудағы мақсаты, жазылған екбектерінің өз өміріндегі алатын орны, ел арасындағы алатын орны  маңызы, мұрат-мақсаты, қасиеті, маңызы барлығы дерлік шығармаларында баян етілген.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұниның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін  үш нұсқасы сақталған болып, қәзіргі күндеде өз мәнін жоғалтпаған, мысалы шығармада келтірілген «Әділ заң – аспан тірегі» жолдарында қәзіргі кездегі  жемқорлық пен коррупцияға толы қоғамда темірдей тәртіп, әділетті заң және солар барда нағыз берік елдің пайда болуын керектігін, ал егер олар болмаса елде тыныштықта, құт-берекеде болмайтынын айтқым келеді.

Көне Баласағұн қаласы, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұниның атқарған істері, ел жолындағы қызметі, оның жазған «Құтты білік» еңбегі сол уақыттағы ислам әлемінің, түркі әлемінің тарихын, ғылымын, әдебиетін, пәлсапа, діни-наным сенімін, әдеп-ғұрпын сипаттайды.ТҮРІКСОЙ түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымы 2016 жылды Жүсіп Баласағүн жылы деп жариялады.2020 жылы түркі ғұламасының 1000 жылдығы Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан елдерінде аталып өтуде.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғұламаның 1000 жылдығына орай «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі» атты ғылыми-конференция өткен болатын.

Джолдыбаева У. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Бабатоев Ж. Ш. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама