Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: А) Тұрлаусыз мүшелерден алған білімдерін пысықтау, тәжірибеде қолдану, жеке, топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.
Ә) Қабілетіне қарай оқи білуге, өзіндік пікірін айта білуге машықтандыру.
Б) Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік, дағдыны қолдану сабағы
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, Жеке - топтық жұмыс, М О Т (Модульдік оқыту технологиясы)
«Эстафета», «Қатені тап», «Аквариум тәсілі» оқыта - үйрету ойындары
Сабақтың көрнекілігі: Модуль № 3 Тұрлаусыз мүшелер Н. Т. С: Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
Үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты үш топқа бөлу
2. Өткен сабақты пысықтау
Тұрлаусыз мүшелер
1. «Эстафета»оқыта үйрету ойыны
(Оқушылар алдарына берілген қағазға берілген тапсырманы 2 минут ішінде жазып шығады)

Тапсырмалар:
1. Толықтауыш
2. Анықтауыш
3. пысықтауыш

«Өз жартыңды тап»
(қағаздың жартысында берілген тапсырманы іздеп тауып, жұптасып жұмыс жасайды)
Тапсырмалар: 1 - топ

1. Мезгіл пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(жас уақытында Төле би мен Әйтеке би Қазыбекті сынамақ болады.)
2. Қандай жер жетім, ел жетім, сөз жетім?
(Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.)
3. Амал пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
( қуаныштан шаттана айқайлады.)

2 - топ
1. Қандай есікті қалай жаппау керек?
Қандай досты ренжітпеу керек?
(Қайтып кірер есігіңді қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа ауыр сөз айтпағайсың.)
2. Тура толықтауышы бар сөйлемді қайсы?
(Сен құрметте оны.)
3. Үйірлі пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.)

3 - топ
1. Ағайынның қадірі қашан білінеді?
(Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің)
2. Мақсат пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Өзің үшін үйренсең, ашыларсың жылма - жыл)
3. Бір деген не, екі деген не?
(Бірлігі кеткен ел жаман,
Егесіп өткен ер жаман.)

«Қатені тап»
(көп нүктенің орнына жоқ сөзді тауып қойып, қай мүше екенін айту)
1 - топ
Анықтауышқа байланысты
..... адам сағыңды сындырмас.
...... адамды халық қадірлейді.

Сабыр түбі........ алтын.
........ ағаш үй болмас.
......... жігіт би болмас.

Атадан......... ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.

......... бас ұстазы ата - ана.

2 - топ
Пысықтауышқа байланысты

Үйдің жылы - суығын
......... білерсің.

........ тұрған әйелдің бір ісі артық.

......... басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жаманға айтқан ақылың -
.......... атқан оқпен тең.

...... еңбек етсең -
Ернің асқа тиеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама